Қазақ күресі: Румынияда төл өнерімізге жоғары баға берілді

Қазақ күресі: Румынияда төл өнерімізге жоғары баға берілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қызылжар Арландары» спорт клубының мүшесі Мұхит Тұрсынов Румынияның Констанца қаласында халықаралық этникалық мәдениет фестивалі аясында қазақ күресінен өткен Әлем кубогында жеңіске жетті. «Qazaq kuresi» қауымдастығының мәліметінше, Румынияның Констанца қаласында өткен Әлем Кубогына 21 елден келген 128 балуан қатысты. Жарысты Қазақстан Республикасының «Qazaq kuresi» қауымдастығы, Румыния «Qazaq kuresi» қауымдастығы және Румыния Сыртқы Істер министрлігі ұйымдастырған. «Бұл – Әлем чемпионатының алдындағы дайындық жарысы деуге болады. Оған халықаралық мамандардың төл өнерімізге берген жоғары бағалары дәлел. Жарыс барысында солтүстікқазақстандық балуан Мұхит Тұрсынов 100 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды», – делінген хабарламада. Әлем кубогы барысында ұлттық дәстүр насихатталып қана қоймай, өзге күрес түрлерінен де фестивальдар өтті. Атап айтқанда, құраш, аба және қырым күрестері бойынша сайыстар, ат жарыс, садақ ату, семсерлесу, найзамен айқасу сынды көшпенділер ойындары өтті. Сондай-ақ тоғызқұмалақ және мангала ойындарының таныстырылымы ұйымдастырылды. Қазақ күресінен Әлем Кубогында топ жарған спортшылар медальдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ермек Сахариев
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 51
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 47
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 51
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 48

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25132
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42077
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37938
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42408