Қазақ күресі: «Turan Barysy» жеңімпазы анықталды

 Қазақ күресі:    «Turan Barysy» жеңімпазы  анықталды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі: «Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan barysy» Азия Кубогы өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып, өзара ең мықты құраманы анықтады. Сайыстың ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысушыларды құттықтады», – деп хабарлайды.  

   Дүбірлі сында балуандар екі топқа бөлініп, айналмалы жүйеде күресті. Екі топтан іріктелген Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан құрама командалары жүлделі орындарға таласты. Спортшылар жеті салмақ санатында белдесті: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта. Азия Кубогінің финалына Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақстандық балуандар өзбек спортшыларын 4:3 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Ақтық сында 90 келіден жоғары салмақта қазақстандық Ғалымжан Қырықбай өзбекстандық Мухсин Хисомуддиновты жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Қырғызстан балуандары 4:3 есебімен Әзірбайжан командасын жеңіп, турнирдің 3-орын иегерлері атанды. Жеңімпаз командаларға жүлде қоры тағайындалып, кубок ретінде Түркістан символы – тайқазан берілді. Алғаш рет ұйымдастырылған күрес сайысында 1-орын алған команда 10 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық алса, 2-орынға – 6 млн, 3-орынға 4 млн теңге қаржылай сыйлық табысталды.

Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ, «Qazaq kuresi» ассоциациясы, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтті. Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры».     

 

Ермек Сахариев
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 20
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 29
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1017
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7064
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10912
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7133
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7275