Қазақ тілі және оның дағдарыс менеджменті. Қазақстанның тіл саясаты түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді

Қазақ тілі және оның дағдарыс менеджменті. Қазақстанның тіл саясаты түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді

​​Сәуірің 26-да «Erkin El» қоғамдық бірлестігі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қалалық филиалы және Алматы Менеджмент университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасын талқылауына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл комитетінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП қалалық филиалының өкілдері қатысты. Өткізілген пікір алмасу Қазақстанның мемлекеттік тілінің функцияларын кеңейту міндеті әлі де шешімін таппай келе жатқанын көрсетті. Мұның басты себебі елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясаты мен қалыптасқан тілдік жағдайдың сәйкес келмеуі болып отыр. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасы да соның тағы бір дәлелі болды. 

 

Өз басым талқылауға ұсынып отырған мемлекеттік құжаттың мазмұны оның тақырыбына сәйкес келмейді деп  есептейтін мамандардың бірімін. Осы ойды білдірген, менен бұрын дөгелек үстелде сөз алған, сарапшы Серік Ерғалидың пікірін қоштаймын.  Көлемі 70 беттен асатын тұжырымдама мәтіні Тіл комитетінің егжей-тегжейлі есебіне сай болып тұр. Құжаттың бірінші бөлігінде Тіл комитетінің жүзеге асырылған іс-шаралар мен жобалар тізімі берілген. Екіншісінде – сол шаралар тізімі алдағы жеті жылға қайта жоспарланып отыр. Мемлекеттік тілді оқытатын жеке орталықтар талап ете алатын номиналды құны 5000 теңгелік ваучерлерді пайдаланудың егжей-тегжейлі тәртібін қоспағанда, жаңа идеялар мен тәсілдер Тіл комитетінің тұжырымдама жобасында іс жүзінде жарияланбады.

 

Құжат мәтіні қарапайым техникалық талаптарға сәйкес келмейтінін байқауға болады. Мұнда: «...тіл саясаты мәселелері бойынша жүргізілген кешенді әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің ұсынымдары ескерілді», - дей отырып, сол зерттеулердің бір де бір  атаулары берілмейді. Сондықтан құжат статистикалық деректерге толы болса да, олардың шығу тегі де, қайнар көздері де белгісіз болып отыр. Тұжырымдаманы дайындаған мамандардың салғырттығы мәтінде көрсетілген кейбір интернет сілтемелерінің жарамсыздығынан да көрінеді.

 

Құжаттың бірқатар ережелері сұрақтар тудырып отыр:

- Құжатта қазақ мектебін бітірген түлектердің қазақ тілін білу деңгейі неліктен В2 деп бағаланған? Бұл қаншалықты дұрыс? Шетел тілін үйренушілер үшін қолданылатын шкала ана тілінде сөйлейтіндерге сәйкес бола ала ма?

– «Азаматтық қоғам» термині бір-ақ рет ескерілу себебі неде? Ол келесі контексте кездесіп тұр. – «Министрлік азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге БАҚ арқылы қазақ тілін қолдауға бағытталған акцияларды, іс-шараларды, бастамашыл жобаларды өткізуде ақпараттық қолдау көрсетеді»,– деп жазылған. Демек, Тіл комитеті аталған топқа тек ақпараттық көмек көрсетуге міндеттенеді.

–«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы неліктен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда басты серіктес болып табылады? «Атамекен» кәсіпорнының басшылары мен қызметкерлері мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолында еліміздің барлық азаматтарымен бірдей атсалысуы тиіс емес пе? Мемлекет «Атамекенге» тіл жобаларын жүзеге асыру үшін қаржы бөлетін жағдайда, бұл ұйымда жұмыс істемейтіндер тек ақпараттық қолдауға қол жеткізе алады. Керісінше, неліктен ірі бизнестің тіл саясаты аясындағы орны, ең алдымен, қосымша қаржы тартудың ресурсы ретінде қарастырылмайды?

 

– Құжатта тіл саясатын қалыптастыруға ғылыми талдау, негіздеу қажет деген түсінік неге жоқ? Қазақ тілінің келешегі мен жетістігі демографиялық көрсеткіштермен байланысты екені айқын. Бірақ белгілі бір жағдайларда аталған үдеріс  тиімді мемлекеттік тіл дамыту стратегия мен тактикасына негізделмесе, оның  игі нәтежиесіне кепілдік бере алмаспыз.

Менің ойымша, талқыланып жатқан құжаттың объективті «пайдасы» мен маңыздылығы оның Қазақстанның тіл саясатында түбегейлі жаңа көзқарастарды қалыптастыру қажеттілігін көрсеткені. Шынына келсек,  тұжырымдама жобасын ұсынып отырған мамандар да осы ойды, көптеген тіл саясатына қатысты тетіктерді жариялап, білдіріп отыр.  Өкініштісі, жоба мәтінінде тілдің ұлттық корпусын жасау, терминологиялық жұмыс сияқты қажетті бағыттар аталса да, ақырында олар жобаның жалпы жүйесіз құрылымының арқасында көзге ілінбей, еленбей қалып отыр.

Ал, тұжырымдама жобасының балама нұсқасын үсынсақ, ол келесі сауалдарға негізделіп, солардың төңірегінде мәселені шешер еді.

Тұжырымдаманың «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде тіл саласындағы істің нақты жағдайы қандай; бұл жағдайдың себептері неде; қандай стратегиялар мен құралдар бұл жағдайды жақсарта алады деген сауалдырға жауап беру керек.

Ағымдағы жағдайды талдау кезінде келесі ұғымдарды пайдалану қажет:

A) Батыстандыру, модернизация, ашаршылық, жаһандану (тарихи-мәдени контекстті сипаттау үшін);

В) аккультурация, ұлттық нигилизм, тілдік ығысу, тілдің сақталу классификациясы (әлеуметтік-мәдени процестерді сипаттау үшін)

С) стихиялық креолизация (тілдік процестерді сипаттау үшін)

D) ұлт құру, тілді жоспарлау, инновациялық жалпымемлекеттік жобалар (тіл саясатының тиімді және керекті  құралдарын қалыптастыру үшін)

Жалпы, ұлттық тілдің (қазақ тілінің) нақты тарихи кезеңдеріндегі өмір сүруі мен даму процесінің ерекшеліктері туралы сөз қозғауымыз керек. Қазіргі қазақ тілі ірі тарихи өзгерістер – батыстану мен модернизациядан өткен тіл екенін  түсіну маңызды. Қазір біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, бұл тек қазақ тілі ғана емес, көптеген ұлттық тілдер үшін де үлкен сынақ болып отыр. Ашаршылыққа келсек, бұны мәдени жарақат - травма деп бағалау керек. Ашаршылық (басқа үдерістермен қатар) қазақ тілінің құндылығына зиян тигізіп, соның салдарынанқазақтардың аккультурациясы мен ұлттық нигилизм қалыптасқан күйзеліс деп бағалау керек.

Тілдік процестерді талдау үшін «тілдік ығысуы» ұғымының маңызы да зор. Тілдік ығысуы деп этникалық топтың тілінің өзгеруі, оның (немесе ұлт өкілдерінің бір бөлігінің) басқа тілдік ортаға ығысуы. Бұл үрдістің қарқынды басталуы ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы белсенді урбанизация кезеңімен байланысты, соның нәтижесінде қазақ қоғамында қазір бейресми түрде шала-қазақтар деп аталатын әлеуметтік топ пайда болды.

Тілдік ығысыуның көрсеткіші – тілдің «креолизациясы» деп аталатын лингвистикалық құбылыс. Бұл жағдайда креолизацияға бейім болған тілде үстемдік тілдің әсерінен көптеген калькалар пайда болып, соның нәтижесінде ол оның «көшірмесіне» айналатын процесс. Креолизацияланған тілдің грамматикасы басым тілдің грамматикалық формаларына еліктеуге, қайталауға кіріседі. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде кейбір кездерде сұраулы бөлшектерді қолданудан бас тартады, сөйлемдерді құрастырғанда қазақ тіліне сай сөз тәртібін дұрыс қолданбайды. Калькалау орын алады. Ойлау жүйесі бұзылып, өгей тілдің ойлау тәсіліне көшеді.

Тәуелсіздік кезеңіндегі тіл саясатының басты міндеті – ХХғасырда қалыптаса бастаған тілдік ығысу салдарын еңсеруболды. Бірақ, қазіргі кезге дейін орыс тілі үлкен қалаларда басым тіл болып қала беретін секілді. Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік тілді нығайтуға, оның функцияларын кеңейтуге бағытталған тіл саясаты шараларының пәрменсіздігінің өзі осыдан 60 жыл бұрын тілдік ығысуы тенденцияларын әлі де шектелмегенін көрсетеді.

Келтірген тезистерді растау немесе теріске шығару үшін ауқымды социологиялық зерттеулер қажет. Жалпы, еліміздің гуманитарлық институттары болып жатқан тілдік үдерістерді мұқият бақылауға алуы қажет, өйткені олардың ғылыми зерттеулері тіл құрылысы аясындағы тұжырымдамасының негізін құрауы қажет.

Тиімді тіл саясатын қалыптастыру үшін тілдің қазіргі кездегі жағдайы туралы объективті түсініктің болуы маңызды. Осыған байланысты ЮНЕСКО қабылдаған тілдерді сақтаудың әлемдік классификациясы назар аударады. Онда қазақ тілі «қауіпсіз» (safe) болып жіктеледі. Дегенмен, тілдердің қызмет етуіндегі осал позицияларды көрсететін сипаттамаларды қарастыратын болсақ, онда оларды Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдайды сипаттаужолында қолдануға болатынын байқау қиын емес. Мысалы, Қазақстанның ірі қалаларында, сондай-ақ жекелеген аймақтарында тұратын бірқатар этникалық қазақ отбасыларына қатысты «қауіп төнген» (definitely endangered) тілдер критерийін қолданылуы орынды - «балалар өз үйлерінде ана тілін оқып меңгермейді». Бұл топқа этникалық қазақтармен қоса, қазақ тілі ана тілі емес Қазақстан халқының өкілдерін жатқызу қисынды болар.

Демек, қазақ тілі әлемдік классификацияда өркендеген тіл қатарына жатқызылғанымен, оның даму саласында объективті қатерлердің көп екенін ескеруіміз керек.

 

 

 

 

Мемлекеттік тілді дамыту тұжырымдамасының мақсаттарына қол жеткізу үшін «тіл дағдарысы» ұғымын енгізе отырып, қазақ тілін «қауіп төніп тұрған тіл» деп белгілеу қажет деп санаймын. Бұл жағдайда дағдарысқа қарсы менеджмент  тіл саясатының неғұрлым тиімді және нәтижесі зор құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің дамуындағы объективті қатерлерді түсіну және мойындау, қазіргі жағдайды «тіл дағдарысы» деп бағалау алдағы жеті жылға арналған тіл тұжырымдаманыңнегізгі ережесіне айналуы тиіс. Бұл ойды тарқатсақ, тұжырымдаманың негізгі мақсаты белгіленген дағдарыс құбылыстарына төтеп бере алатын тіл саясатын қалыптастыру болып табылады.

Мысалы, «тіл дағдарысы» ұстанымы аясында қазақ тіліндегі көрнекі, аудио, интернет және теледидар жарнама мәтіндерінің сауатсыздығы мәселесіне олардың мемлекеттік тілдің дамуына тигізетін зиянына сәйкес шаралар қолдану қажет. Жарнама мәтіндердің көпшілігі лингвистикалық калька болғандықтан, олар қазіргі қазақ тілінің креолизациялану (қарабайырлануын) процесін күшейтіп, қазіргі қазақ тілінің экологиясына орны толмас зиянын тигізеді.

Дағдарыс менеджмент тұрғысынан қарастырылғанда, «тіл дағдарысы» жағдайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талқыланған тұжырымдама жобасында ұсынылған шаралар тиімді бола алмайды. Көрнекі жарнама мәтіндерін тексеруді заңмен бекітілгеннің өзінде, әкімшіліктерде мұндай жұмысты атқаратын мамандар жоқ. Ол үшін кәсіби филологтар кеңесін құру керек. 2015 жылы әріптестеріммен бірге құрылған «Мемлекеттік тілдегі жарнамалық копирайттардың сапасын арттыру жөніндегі Қоғамдық кеңес» бір жарым ай ішінде атқарған жұмысын осындай ұйымға үлгі ретінде қарастырылуы қажет.

Бұл кеңестің жұмысы арнайы сайтта көрсетілуі керек. Бұл жерде жаңа сөздер мен терминдерді талқылауға болады, өйткені олар жарнама саласында өте көп.

Бұл ұсынысты жарнама бизнесінің өкілдері белсенді түрде қолдайды деп үміттенгім келеді, себебі олар қазіргі уақытта келесі маңызды ережелердің дұрыстығын растай бастады. – Жарнама мәтінін аудару қажеттілігі туындаса, ол тікелей емес, қазақ тілінің ережелері мен стилін ескере отырып, мағыналы түрде аударылған мәтін болуы керек. Жарнама бастапқыда қазақ тілінде жасалған болса, бұл жайт аса қолайлы болар еді.

Қазіргі қазақ тілінің дамуына қауіп төніп тұрған кезде мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінің орныерекше. – Балабақшалар мен мектептерге тіл дағдарысын түбегейлі өзгерте алатын жалпыұлттық инновациялық жобаларды енгізу қажет. Осындай тиімді дағдарысменеджменті құралы ретінде 2009 жылы жаряланған«Қобланды» жырын жатқа оқу» жобасының әдістемесінпайдаланылуы тиіс. Бұл жоба ұлттық жыр мәтіндерінқазіргі кезеңнің өзекті құралы ретінде пайдаланады. Балабақшаларда балалар дастанның 300 жолын жатқа оқыса, бастауыш мектепте – 600 жол, мектеп бітіргенше оқушылар 3000 жолға дейін жатқа білетін болады.

Жыр жолдарын жаттау тәсілі қазіргі жағдайда жетіспейтін сауатты тілдік ортаны жасанды түрде қалыптастырады. Бұл жобаның білім және тәрбие беру әлеуеті зор.

Қазіргі тіл саясатының басты қателігі – қазақ тілін тартымды етіп оқытқысы келетіні, оған «әдемі қаптама» жасауға тырысуы. Қазақ тілінің даму жолында заманауи контент құру мақсатында барлық айтылған ұсыныстар мен үндеулердің негізгі жаһандық ағымды қайталау әрекеттерінен туындайды. Алайда мұндай көзқарас жүйесінде адам тек сол контенттің тұтынушы ретінде қарастырылатынын ешкім түсіне қоймайды.

 

Заман көшіне ілесу қажет екенін ешкім жоққа шығармайды. Демек, тіл саясатының нәтижелі болуы адамның өзі тіл оқып оны меңгергеніне күш салып, еңбегін жұмсап, тіл мұхитымен тікелей диалогта болатын жағдайменбайланысты. Бұған ұлт жырларымызды жатқа білу арқылы қол жеткізуге болады.

Қортындылай келе, Тұжырымдама жобасын талқылау үстіндегі қосатын ұсыныстарым:

1. Қазақстан Республикасының Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының баламалы жобаларын қарастыру; қажет болған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекіту мерзімдерін ұзарту;

2. Тұжырымдаманы дайындау үстінде гуманитарлық зерттеулердің ғылыми негіздеріне сүйену;

3. Тұжырымдамада орталық ұғым ретінде «тіл дағдарысы» ұғымын пайдалану;

4. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – «тіл дағдарысын» еңсеруді тану;

5. Қазіргі тілдік жағдайды «тіл дағдарысы» ретінде мойындағанның арқасында, қазіргі қазақ тілінің стихиялық креолизациясына қарсы тұратын шаралар енгізу.

6. Жарнаманың сауатсыздығын қазақ тілінің экологиясына қауіп төндіретін жайт деп тану. Жарнаманың сауатсыздығын түзету үшін кәсіби редакторлардың,филологтардың қатысуымен мамандандырылған кеңестер құру, олардың жұмысын қоғамға ашық түрде жариялау.

7. Балалар мен ересектерге арналған жыр мәтіндер негізделген мемлекеттік тілді оқытудың жалпыұлттық жүйесін құру. Бұл жалпыұлттық жүйені Қазақстан республикасының білім беру жүйесіне енгізу.

 

PS: Бұл мақала 26 ​​сәуірінде «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде автордың баяндамасының негізгі тезистері болып табылады.

PPS: Фотосуретте осы күндері Алматы билбордтарындағыжарияланған «агрессив» креолизацияның мысалдары көрсетілген. «Тағы да көп жаңа мейрамханалар» – бұл да сөздердің мағынасыз жимасы деуге болады. «Әр отбасыпайда алады» орыс тіліндегі «получает пользу» сөзтіркестентікелей аударылған. Қазақ тілінде «пайда»  ұғымы бұл контексте қолданылмайды. - «Пайда табады», «пайдасын тигізеді». 

Земфира Ержан, мәдениеттанушы, «Erkin El» ҚБ мүшесі
03.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 15
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 61
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 46
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 452
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281