«Qazaqstan dauiri» газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

«Qazaqstan dauiri» газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

Қазір қоғам арасында беделі артып, зиялы қауымның сүйіп оқитын басылымының біріне айналған «Qazaqstan dauiri» (Қазақстан – Zaman) газеті Қазақстан Тәуелсіздігінің төл құрдасы. Өйткені ол Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 17 қаңтарда ашылған-ды. Аталған газет сол тұста  Қазақстанда ашылған тұңғыш шетелдік еларалық еркін басылым болды. Содан бергі уақыт кеңістігінде біздің басылым түркі руханиятын көтеруге және осы елдің байырғы халқы – қазақ ұлтының сөзін сөйлеп, қазақ мүддесіне қызмет ету жолынан айныған емес. Қазақстан мен Түркияның арасындағы екiжақты ресми байланыстың орнағанына да биыл 30 жыл толды.  

2002 жылғы материалдар ішінде көңіл аудартар өзектілері: «Қазақта киелі қарашаңырақ бар ма?» атты дөңгелек үстел, «Президент неге үнсіз отыр?» (С.Аққұлұлы), «Іштен шыққан жау жаман» (Берік Садық), «Ресей АҚШ-тың Ауғанстанда қалуына неге қарсы?»  (Г.Қойшығұлова), «Елдің күткені – Елбасы байламы» (С.Аққұлұлы), «Қазақ жұрты және демократия» (М.Тоқашбаев), «АҚШ-ОРталық Азия: әскери қауіпсіздік саясаты» (Нұрбол Станов), «Халықаралық қылмыстық сот: Қазақстан мүшелікке әзір ме?» (Р.Кертаев), «Ресей-Гүржістан: қақтығыс қантөгіске соқтырмай ма?» (Р.Кертаев), «Ирактың жазығы – тәуелсіздігі ме?» (Р.Кертаев), «Ата заң – мемлекеттік негізі» (Р.Думанұлы), «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан білімі» (ҚР Білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева), «Ұлт рухы тілімен қуатты» (А.Тұяқбайұлы), Қызылорда облысының әкімі Серікбай Нұрғисаевпен сұхбат «Қырық жылдан кейін кіші Аралға араша табылды» (Балтабек Түйетай), «АҚШ-Ирак: дипломатиялықұ соғыс» (Р.Кертаев), «Ататүрік және Тәуелсіз Түркия» (Ахмет Аляз), Сұлтан Сартаевпен сұхбат «Тәуелсіздік тарихы осылай басталған» (Төреғали Тәшенов), «Катеv – Қазақстан келешегінің инвесторы» (Ахмет Аляз, Ұлан Еркінбеков). Ең бастысы осы жылғы басылым бетінде қазақтың біртуар ұлы Дінмұхаммед Қонаев атамыз туралы көлемді-көлемді материалдар мен естеліктер, толғаныс-эсселер көптеп жарияланған. Үздік мақала – Дулат Исабековпен сұхбат «Бізді құтқаратын ұлттық рух» (Бағдагүл Мұзартбекқызы).     

2003 жылы газетте саясат бойынша «Көпвекторлы саясаттың салтанаты», «Шанхай процесінің жаңа кезеңі» (Талғат Жұмағұлов), «Ауыл – қазақтың бесігі», «Азияның болашағы – терең ынтымақтастықта», «Қытайдың Ху Цзиньтаосы кім?», «Қытайдың инвестициялық саясаты» «Нарық жетегіндегі нұралықтар», «Су тапшылығы», «Көші-қон» полициясындағылар сауатты ма? (Әлімжан Әшімұлы), «Қазақ қоғамындағы ендігі идеал – отбасы» (Бағдагүл Мұзартбекқызы), «Рубль аймағы Қазақстанға керек пе?» (Ж.Жанділдин), «Түркия Еуропа Одағына кіре ала ма?» (сараптама), «Әңгіртаяқ» (А.Шарон туралы), Ясир Арафат (Аян), «Жаһандағы қауіпсіздік кілті – Азияда!» (Ұлан Еркінбеков), «Жаһандық проблемаға жаңа көзқарас» С.Досанов), «Ақталынбайтын агрессия», «Ирак тағдыры не болады?» (Марат Тоқашбаев), т.б. Ең үздік мақала –  «Өзгелерді аласартпай, ұлтымызды көтерейік» (Ахмет Аляз).

 

Ермек САХАРИЕВ, Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 936

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9009
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8404
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11630
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9388
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10614