Қазақстан мен Түркия: Әскери ынтымақтастық қарқынды дамып келеді

Қазақстан мен Түркия: Әскери  ынтымақтастық қарқынды дамып келеді

Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті.

Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды, – делінген хабарламада.

Қазақстан мен Түркия мемлекеттері өңірлік қауіпсіздік, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде кадрлар даярлау және әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, оқу-жаттығуларға қатысу мәселелері мен көп жоспарлы стратегиялық қатынастарды нығайтуға зор мән беріп келеді. 

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады. Егемендігімізді жариялаған алғашқы минуттарда-ақ бауырлас Түркия мемлекеті еліміздің тәуелсіздігін таныған тұңғыш ел болып тарихта қалды. Тәуелсіздікпен бірге  Қазақстан мен Түркия арасында қол қойылған көптеген мемлекет аралық келісімдер мен хаттамалар арқылы  әртүрлі салаларда қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың негізі қаланды. Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық шыңдала келе, Еуразия жағрапиясындағы ең маңызды саяси және экономикалық әріптестіктің маңызды бөлігіне айналды.

Стамбұлдағы Түрік Кеңесі, Әзірбайжандағы Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы, Қазақстандағы Халықаралық Түрік Академиясы және Анкарадағы Халықаралық Түріксой Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар мәдени және саяси салада мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтарды нығайтты. Бүгінде Түркия мен Қазақстанның жаһандық және аймақтық мәселелерге қатысты нысаналары да ортақ. Халықаралық мекемелер алдында ұстанымдары бірдей. Түрік Қарулы Күштері мен Бас штабы алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Қарулы Күштеріне олардың қалыптасуы мен дамуының бастапқы кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетті. Түрік Республикасы 1990-шы және 2000-шы жылдардың басында ұйымдастыру техникасын, картографиялық жабдықтарды, байланыс құралдарын, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдерді қоса алғанда, қазақстандық Қарулы Күштер үшін өтеусіз негізде әскери мүлік жеткізді. Кейінірек 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық ортақтық келісімімен анықталды. Осылайша екі ел арасындағы қарым-қатынастар бауырластықпен қоса «Стратегиялық ортақтық» деңгейіне көтерілді. Түркия Қазақстан Қарулы күштеріне офицер кадрларын дайындауға үлкен жәрдем береді. 

Екі ел арасындағы стратегиялық бірлікте 2018 жылы Анкарада бекітілген әскери ынтымақтастық туралы келісімнің маңызы зор. Бұдан әрі тараптар көпмақсатты жеңіл броньдалған автомобильдерді, оптикалық-электрондық құралдарды жеткізу және бірлесіп өндіру жолымен өзара тиімді іс-қимылға көшті. Әскери білім беру шеңберінде Түркияның әскери училищелерінде курсанттарды оқыту жүргізіліп келеді, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін түрлі оқу орталықтарында даярлау жүзеге асырылды. Осылайша, 2020 жылға қазақстандық тараптың өтініші бойынша «киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша оқыту үшін квоталар бөлінді. Былтыр Қазақстан Қорғаныс министрлігі түрік әскери қызметшілерін Ұлттық қорғаныс университетінің базасында оқытуды қолға алды. Келіссөздер барысында осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы ынтымақтастыққа шешім қабылданды.

Жауынгерлік даярлық саласындағы ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті бағыттарының бірі – бұл арнайы операциялар күштерін даярлау (диверсияға қарсы, тау-кен, сүңгуірлік даярлық, қалалық жағдайлардағы іс-қимылдар). Қазақстандық әскери қызметшілердің Түркия аумағында қысқы кезеңде төмен температуралар кезінде өткізілетін «Эфес» көпұлтты оқу-жаттығуына және «Кыш» оқу-жаттығуына қатысуы жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ әртүрлі жағдайларда жауынгерлік іс-қимылдар дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді. Қазір бауырлас екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық саладағы екіжақты өзара келісім жаңа серпінде қарқынды дамып, қауіпсіздік мүдделеріне бірлесе қызмет етпек. 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404