Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Б. Асыловқа Қазақстан Республикасы Премъер-Министрі Бірінші орынбасары Р. Склярға Республикасы

  Қазақстан Республикасы  Бас Прокуроры Б. Асыловқа Қазақстан Республикасы  Премъер-Министрі Бірінші  орынбасары Р. Склярға Республикасы

Қазақстан Республикасы 

Бас Прокуроры Б. Асыловқа

Қазақстан Республикасы 

Премъер-Министрі Бірінші 

орынбасары

Р. Склярға Республикасы

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жылу электр орталықтарының жартысынан астамы тәуекел аймағында» деп атап өтті.

Өткен аптада «AMANAT» Фракциясы мүшелері теміртау қаласының жылумен қамту объектілерінің жай-күйімен танысты.

Миттал мырза иелік ететін 2-ТЭЦ-тың жөндеу жұмыстары графикке сәйкес келмейді.

Котел, турбогенераторларды жөндеуге келісім-шарттар жасалмаған, басқа да жөндеу жұмыстары баяу жүруде.

Теміртауда орналасқан 1-ГРЭС-ке жөндеу жұмыстары 2005-жылы жеке өткеннен кейін жасалмаған.

ГРЭС-те өндірістік қауіпсіздік шаралары мүлдемге қолданылмайды, бір топ депутаттар өндіріс орнымен танысқан кезде дәнекерлеу жұмыстары  жүріп жатқан жерде оттегі баллондары ашық жатқандығының куәсі болды. Өрт қауіпсіздігі шаралары мүлдемге қолданылмайды.

Кәсіпорында  өнеркәсіп орнының ластығына қарамастан,  өрт қауіпсіздігі іс-шаралары мен адамдарды өндірістік  қорғау шаралары мүлдемге  іс-жүзіне асырылмаған.

Егер ГРЭС-тің территориясына кірсеңіз «апокалипсис» аймағына өткендей сезім аласыз. Бұзылған ғимарат, қисайған мұржа, лас айнала.

Ал  1-ГРЭС-тің иесіне іздеу жарияланған, өзі Лондонда тұрады!

Әрине, құрылтайшы ретінде оған дивиденд түсіп тұрады!

Мұндай «шектен шыққан» тырнақшаның ішідегі бизнесмендерге жергілікті құзырлы органдардың шамалары жетпейді. 

Өйткені олардың «көкелері» жоғарыда. 

Қала, облыс басшылығы келесі қыста халықты жылумен қамтамассыз ету үшін күн-түн демей еңбектенуде!

Біз халық пен жергілікті басшылықтың еңбегін еш етпеуіміз керек!

1. Теміртау қаласындағы жылумен қамту мәселелерін үкімет бақылауға алу қажет деп есептейміз.

2. Теміртау 1-ГРЭС-інде қалыптасқан жағдайға байланысты Энергетика, Төтенше жағдайлар министрлігі бірлескен комиссия жіберіп еңбек, өндіріс қауіпсіздігі мәселелерін тексеруі тиіс!

3. Ол жерде техногендік жағдай болуы ықтимал. Адамдардың өміріне нақты қауіп бар.

4. Бас Прокуратура Теміртау 1-ГРЭС-нің жекешеленуінің заңдылық дәрежесін анықтай отырып, техногенді тұрғыдан кәсіорынның еліміздің заңдарын сақтау  дәрежесін анықтауы өзекті.

Сауалға заңда көрсетілген мерзімде, дәлелді жауап берулеріңізді сұраймыз.

 

Құрметпен,

 

«AMANAT» Фракциясы мүшелері

                                                             

Е. Саиров

М. Ескендіров

                                                            

 

 

 

03.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 52
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 579
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 693
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 608
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 617

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367