Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты ​​​А. Назаров: Жолдың сапасы сын көтермейді

Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің депутаты ​​​А. Назаров: Жолдың сапасы сын көтермейді

Депутаттық сауал

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрдің

бірінші орынбасары

​Р. В. Склярға

 

Құрметті Роман Васильевич!

Бүгінгі менің депутаттық сауалыма негіз болған дүние –  бұл жол инфрақұрылымы. Әсіресе шалғай аймақтардағы жолдардың сапасы сын көтермейді.

Мәселен, Алматы облысының оңтүстік-шығысында шегералық аймақта орналасқан Райымбек ауданы 1997 жылы аудандық мәртебесінен айырылғаннан кейін, жағдайы төмендеген халық, күнкөріс қамымен Алматы маңына үдере көшті. Ортасы омырылған мәдениет ошақтары мен иесіз қалған үйлерде сан болмады.

2018 жылы аудан мәртебесі қайтарылды, тіршілік жанданып, ауданның тамырына қан жүгіре бастады.

Алайда шешілмей жатқан мәселер аз емес, соның ішінде ең басты мәселе – жол. 

Жолдың сапасы түзелсе табиғаты бай ауданға туристер ағылады, аудан экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты түзеледі. 

Қала және аудан аралық қарым-қатынастар жақсарады. 

Жедел-жәрдем көліктері дер кезінде медициналық көмек жасайды.

Аудан шекаралық аймақ болғандықтан республикалық және аймақтық маңызы бар жолдың бүгінгі хәлі мүшкіл. Бұл жақтағы жолдар сонау кеңес заманында 1984 жылы салынған. Содан бері осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден немесе қайта жасаудан өтпеген. 

«Тәуелсіздігімізді алғалы көлік салығын төлеп келеміз, бірақ жол жасалмайды» деген жүргізуші азаматтардың да реніштерін жасырмаймыз

Ең қиыны… салақ үйдің құрақ көрпесіндей қырық жамау, тар жолдың кесірінен жеңіл автокөліктердің жол апаттары жиі болатынын айтқым келеді. Бірлі, екілі қаза тапқан азаматтарды айтпағанда кейде жанұясымен, кейде бір әулеттен бірнеше адам жол апатынан қаза тауып жатады.

Оған дәлел ретінде арыға бармай-ақ қояйын, жақында ғана жол көлік апатынан қайтыс болған, бір үйдің төрт бірдей азаматы ағайынды-бауырлар Айнабековтардың қайғылы қазасын атауға болады.

Мемлекетіміз үшін ең маңызды нәрсе, азаматтарымыздың амандығы. 

Сондықтан, төмендегі аталған жол құрылысына қаржы бөлініп, қайта жасауды немесе күрделі жөндеуден өткізулеріңізді сұраймын:

- Кеген мен Нарынқол екі ауданды қосатын 0-89 км аралығы күрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді

- Жалағаш бұрылысынан - Ақсайға дейін -15 км жол күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

- Ақсайдан - Кеген асуына дейін -12 км жол басталған күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған.

- «Көкпек-Кеген-Түп» 88-99 км аралығына шекараға дейін -14 км жол басталған күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған.

03.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 19
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 2
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 8
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 12
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 19
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545