Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануымен күрес жөніндегі комиссия: «Қазақстан. Маусым айында Бас прокуратураның сот актісі қанағаттандырылды, оған сәйкес, бұған дейін 2,6 млрд теңге несиені қайтармағаны үшін мемлекет құны 12 млрд теңгені құрайтын «Қазақстан» шипажайы меншігінен айырылып, санаторий мемлекет меншігіне қайтарылды. Сот үкіміне сәйкес, іс «Халық банкі» АҚ пайдасына шешілді.
Еске салсақ, 2020 жылдың 15 мамырында Ішкі істер министрлігі «Қазақстан» шипажайының бұрынғы басшысы Қазбек Сұлтан ірі ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған-ды. Ол 2013 жылы шипажай ғимаратын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткіземіз деген желеумен банкке рентабельділігі жоғарылағаны туралы жалған ақпарат беріп, 2,6 млрд теңге көлемінде несие алған. Сөйтіп, ол әртүрлі қаржылық схемаларды қолданып, жалған кәсіпорындар арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған. Осылайша ол 974 млн теңгені жымқырған. Биылғы жылдың 4 мамырында Алматыда «Қазақстан» шипажайының бұрынғы басшысы Қазбек Сұлтан мен оның қызы Аяна Бейсебаеваға қатысты сот үкімі шықты. Қазбек Сұлтан 10 жылға, қызы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.