«Qazaqstan zamany» газеті «Qazaqstan dauiri» болып өзгерді

«Qazaqstan zamany» газеті «Qazaqstan dauiri» болып өзгерді

a href="https://qazaqstan.tv/videos/1494"

 

https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/49991/qazaqstan-zamany-gazeti-qazaqstan-dauiri-bolyp-ozgerdi/

 

 

 

«Qazaqstan zamany» аталып келген газет «Qazaqstan dauiri» деген жаңа атауға ие болды. Газеттің жаңа атауы не әкелмек? Газеттің жаңа жылға жоспары қандай? Қазақстан жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлы Алматы студиясының қонағы болып, сауалдарға жауап берді. «Біздің газет – Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарының бірі. Тәуелсіздік алған жылы Түркия Президенті Тұрғыт Озал мен Елбасымыз бүкіл түркі елдерінің алтын көпірі болсын деп «Заман Қазақстан» газеті ашылып, алғашқы редакторы Қалтай Мұхаметжан болды. Содан бері газет халқымыздың үлкен көзайымына айналды. Кейіннен ол «Қазақстан заманына» ауысты. Газет қай кезде болса да ұлттық мүдде, қазақ елінің жағдайына қатысты мәселелерді көтереді. Жаңа жылда жаңа айдарлар ашылып жатыр. Олардың бірі «Әкім бол, халыққа жақын бол» айдары. Жалпы, өзіміз түйіндеп, он сауал ұйымдастырдық. Облыс, өңір бойынша әкімдерге көкейтесті мәселелер жіберіледі. Одан кейін оқырмандар газеттен сол сауалдардың жауаптарын оқитын болады. Жүрналист үнемі қозғалыста, ізденісте болуы керек. Жақында үлкен экспедиция ұйымдастырамыз. Ел, облыс, аудан, ауыл аралап, өзекті деген мәселелерді көтереміз. Елімізде 7 мыңдай ауыл бар екен. Әр ауылдың проблемаларын көтеруге ниеттіміз. 24-25 қаңтарда Астанада дөңгелек үстел ұйымдастырып, депутаттарды, министрлік өкілдерін, зиялы қауым, ауыл басшыларын шақыртып, осы проблемаларды ортаға саламыз деп жоспарлап отырмыз. Биыл - жастар жылы. Осыған орай жас журналистерге «Сен лапылдап жанбасаң...» арнайы айдар ашылды. Журналистер ел аралап, ауылдың жағдайын сезінулері керек», - дейді Ертай Айғалиұлы.

14.01.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 42
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 94
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 74
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 37
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 80
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 94
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 80
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 79
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 87
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 79
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 86
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 302

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9314
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8708
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11937
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9710
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10918