Қазақстанға аты мәлім А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығынада барып ғылми жетістіктерімен таныстық.
А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасындағы егін және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталық. Ол Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып 1956 жылы құрылған. Кейін А.И. Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ҒЗИ болып өзгереді.

Мәшһүр ғалым А.И. Бараев ескерткіші алдында
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті сорттарды әзірлеу, ресурс үнемдейтін технологияларды жасап шығару және енгізу, ғылыми-білім беру қызметтерін ұсыну арқылы Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуді алға қойып, мақсаттарын егін шаруашылығында ойдағыдай атқарып келгені айтылды.
Ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары бойынша: - Егіншіліктің ресурс үнемдейтін жүйелерін жасап шығару
-Әртүрлі дақылдары бар дақыл алмастыратын ауыспалы егістер жасап шығару, топырақ құнарлығын сақтау және жақсарту.
-Топырақты эрозиядан қорғау үшін оны өңдеу жүйелерін жасап шығару, топырақты механикалық әдіспен өңдеуді азайту немесе одан мүлдем бас тарту, өсімдіктерді қорғауда жетілген жүйелерді пайдалану.
-ӨҚӘ-нің (өсімдіктерді қорғау әдістері) жаңа түрлерін пайдалану арқылы өсімдіктерді қорғауды жетілдіру және дақылдарды оңтайлы алмастырып, төзімді сұрыптар мен гибридтер пайдалану арқылы өсімдіктердің ауруларға, зиянкестерге және арам шөптерге қарсы төзімділігін арттыру
.- Топырақты өңдеудің нөлдік және минималды жүйесін ескере отырып миниралды тыңайтқыштар, ауыспалы егіс және биопрепараттарды пайдалану жүйелерін жетілдіру.
-Бидай, сұлу, арпа, бұршақ дәнділер, майлы және жарма дақылдарының гендік қорын қалыптастыру, осыған қоса жемшөптік дақылдарды жерсіндіру жұмыстарын ғылмды тәжірибемен ұштастыру арқылы жетістіктерге жетіп жүрген орталық екен.
Негізгі жетістіктерне тоқталсақ: - Ғылми орталық қызметкерлері жасап шығарған топырақты қорғау егіншілік жүйесі Сібір, Поволжье, Урал, Украинаның оңтүстігі мен Солтүстік Кавказда 61,4 млн. га және Қазақстанда 22 млн. га жерде пайдаланылап жүргенін, Ольга Павловна ханым мақтанышпен атады.
Қазақстанда дәнді дақылдарда бидайдың қандай сорттын көп себеді деген сұрағымызға,Ольга ханым. «Шортанды -95» сорты деп, мүдірмей жауап берді.
«Шортанды -95» сортын бізде тамашалап көрдік.
Ғылми орталықты А.И. Бараевтан кейін жетістікке көтерген Валентин Петрович Кузьмин деген ғалым екен. Ол патшалық ресейдің офицері жүріп,жараланып әскерден босаған. Өзі оқи жүріп ауылшаруашылық ғылымына келген екен. Осы ғалым 1921 жылдары Монғолияда кеңес одағының атынан қызмет атқарса керек. Сол кезде Монғолияда өсімдік тану, егін шаруашылығынан біршама тәжірибелер жинақтап қалдырған екен, Сол еңбегін монғоладар кейін тауып пайдаланады. Валентин Кузьминді іздейді. Ол 1935 жылы Колчак армиясында офицер болғаны үшін сотталып, қазақстанға жер аударылып осында қалып қояды. Кейін ғалым атанып, осы орталықтың негізін А. Бараевпен бірге қаласады. Осы жайларды естіген монғолия ғалымдары В.Кузминнің құрметіне бас ие келіп орталықтың мұражайының менгерушісі Анна ханымның қолындағы фота басқа дүниелерді естелікке қалдырады. Фотадағы бейне Монғолияның ұлт көсемі Д. Сүхэбатыр. Осы оқиғаны тарихта қалар есті естелік шығар деп, экспедиция мүшелері ақылдасып ел есінде қалсын, деп жазып отырмыз.
Мұражай менгерушісі Проскура Ольга Павловнаның қолындағы Монғолияның ұлт көсемі Д. Сүхэ- батырдың бейнесі