«Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтті», – деді Президент Қ.Тоқаев

«Қазақстанда олигархтық  капитализмнің заманы өтті», – деді Президент Қ.Тоқаев

Қуанып қалдық. Елді тонап, байып, миллиардер атанған, жабайы капитализмнің авторы Назарбаевтың «оң қолдары», кейбіреулері «әмияндары» атанғандардың шынында күні бітті ме, оларға тықыр таянды ма? Өткен аптада Қарағанды облысына сапарында Президенттің осындай ойдың ұштығын шығарып айтқан сөзі елге тез тарап, біреу қуанды, біреу сенбеді, енді біреулері күдіктенді. Ол қандай сөз? «Салық төлемақысы ерекше бақылауда. Егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл ешқандай қорқыту емес, керісінше, бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым адал және әділ жұмыс ережелері, Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезек жетті. Азаматтарымызға тиісті әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек» деп жанға жағымды пікір айтқан Президент тағы да бір ұпай жинады. 

Әлбетте, ресми түрде миллиардер болғандар саусақпен санарлықтай. Олардың сандары 162 ме, әлде одан көп пе, оны бір Аллам біледі. Ресми тізімге кірмегендердің көшін бастаған Болат Назарбаев, Қайрат Сатыбалды, Нұрекеңнің 2 қызы (біреуі миллиардер), тағы да басқа ел  байлығын оңды-солды иеленгендер, әлі лауазымды орындарда отырғандар дейсің бе, әйтеуір, олар арамызда ешкімнен қыңбастан, қорықпастан алшаң басып жүргенін жақсы білеміз. Жақсы білгенмен, қолдан келер қайран жоқ. Қайнайды қаның, ашиды жаның... Әсіресе қазақтың байлығын сона-ау Израильдің игілігіне жұмсаған алпауыттың «мәрттігіне» қалай күйінбессің?!

Олардың байығаны соншалықты – қазақты менсінбейді. Жә, басты мәселеге қайта оралайық. Шынында да, олигархтардың заманы өтіп, күні біткенін олардың ұшан-теңіз байлықтарын тәркілегенде ғана көңіліміз көншиді. Әйтпесе қызыл сөз теңізінің ащы суын іше-іше ішіміз кеуіп кетті. Отыз жыл осы сөзді күттік. Айтылды. Енді жүзеге асса дейміз. Заңды талап осы! Елімізде ұлы өзгерістер қажет. Ұлы өзгерістің көкесі – ұры олигархтарды ауыздықтау, олардың қарындарын жарып, аптықтарын басатын күн қашан келер екен? Халықтың тағатсыздана күткені осы! Сөзіңде тұр, Президент мырза! Сонда сізге халық жаппай дауыс береді.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620