Қазақстанға төнген қауіп күшейе түсті

Қазақстанға төнген қауіп күшейе түсті

Қазір әлем елдері Ресей мен Украинаның арасындағы жанжалға көз тігіп отыр. Ресей президенті В.Путиннің Украинаның екі аймағын «Донецкі халық республикасы» және «Луганскі халық республикасы» деп мойындауы жағдайды тіпті ушықтырып жіберді. Осы мәселеге қатысты өз ойын ортаға салған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы: «Ресей мен Украина арасындағы жанжал 2007 және 2014 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Донецкі мен Луганскі Украина жері болғанмен, онда орыс халқы көп тұрады. Одан бөлек Ресейдің азаматтығын алған 800 мыңға жуық адам бар. Ал қазіргі жанжал өзінің кемерінен шығып, қатты асқынып кетті. Екі елдің арасындағы жағдайдың ушығуына Украинаның НАТО-ға мүше болуға талпынуы себеп болып отыр. Шын мәнінде бұл – Украинаның ішкі шаруасы. Өйткені аталған елді БҰҰ тәуелсіз ел деп мойындағаннан кейін оның қандай ұйымға мүше болатынын өздері шешуі керек еді. Әрине, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға тікелей әсері болады. Кешегі жағдайдан кейін АҚШ пен Еуропа елдері санкция салуды бастады. Бұл жолғы экономикалық қысым бұған дейінгі санкциялардан анағұрлым қатал болады. Тіпті экономикалық санкцияның салқыны саяси санкцияға да ұласып кетуі мүмкін. Біз Ресеймен Еуразия экономикалық одаққа мүше болғандықтан оның әсері Қазақстанға қатты тиеді. Парламент мүшесі ретіндегі пікірім: біздің ел әлемдік қауымдастықтың яғни, БҰҰ-ның шешімін басшылыққа алуы керек. Біз – БҰҰ-ның мүшесіміз әрі Ресеймен одақтас, көрші елміз. Бірақ қалай болған күнде де біз БҰҰ шешіміне сүйенуіміз керек. Өйткені екі мемлекеттің арасындағы жанжалдан кейін теңге құнсыздана бастайды. Жалпы Ресейге салынатын санкция бізді де сансыратып жіберуі мүмкін. Шынтуайтында, Қазақстанға санкция салмайды. Бұл мүмкін емес. Менің ойымша, бұл жағдайда Қазақстан, Сыртқы істер министрлігі бейтарап позиция ұстанатын шығар. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрі айтты. Егер осы жағдайға байланысты Қазақстан бейтарап саясат ұстанбайтын болса, онда оның біздің елге үлкен әсері болады. Сондықтан бүгін кешке дейін Сыртқы істер министрлігі бір тұжырымға келетін болар.  Біздің билік Ресей мен Украина арасындағы жағдайдан сабақ алуы тиіс.

   Жалпы, елімізде сепаратистік пиғыл 1990 жылдары басталды. Сепаратизм Батыс Қазақстан облысында күшті болды. Орал қаласындағы казактардың әрекетін халық ұмытқан жоқ. Сондай-ақ теріс пиғылды ниет Солтүстік Қазақстан облыстарында да кездеседі. Сондықтан біз осыдан сақтануымыз керек. Қазіргі таңда еліміздің терриориясы БҰҰ бойынша ратификацияланған. Ал Ресей мен Украинаның шекарасында ратификация жасалмаған. Мәселен қазір Ресей Украинаның екі облысын «халықтық республика» деп мойындады. Әлемдік қауымдастық «Донецкі халық республикасы» мен «Луганскі халық республикасын» ешқашан мойындамайды. Сонда қалай болады? Демек, екі елдің арасындағы текетірес ұзаққа созылады. Қазақстан осы жағдайдан дұрыс сабақ алып келе жатыр және алдағы уақытта да етек-жеңімізді жинауымыз керек. Оның үстіне  еліміздің Ресеймен шекараласатын аймақтарында қауіп бұрыннан бар. Үкіметтің халқы тығыз орналасқан облыстардан солтүстікке көшті ұйымдастыруға арналған бағдарламасы бар емес пе? Өкінішке қарай, аталған бағдарлама өз деңгейінде жұмыс істемей жатыр. Біріншіден, аталған бағдарлама солтүстік өңірді қазақыландыруға ықпал етер еді. Сондықтан Үкімет пен Парламент осы бағытта жұмыс істеуі керек. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау секілді туу көрсеткіші жоғары, керісінше, жұмыс орны тапшы аймақтан солтүстікке көшті ұйымдастыру керек. Алайда ішкі көші-қон өз дәрежесінде жүзеге аспай жатыр. Осыны тез арада қолға алуымыз керек. Мысалы, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы әу баста 60 мың адамға арналса, қазір онда 160 мың халық тұрады. Мұнай таусылған соң аталған қаланың жағдайы не болады? Егер халқы тығыз аймақтардан солтүстікке көшті сауатты ұйымдастырсақ, теріскейдегі қазақтың үлес салмағын 60 пайыздан асар еді.   Меніңше, үкімет аталған мәселеге немқұрайды демей-ақ қояйын, бірақ болғанда өз дәрежесінде қарап отырған жоқ. Нақтырақ айтсам, қаржы жағы аздау болып отыр. Өкінішке қарай, бағдарламаның қаржысы әу баста дұрыс есептелмеген, дұрыс бөлінбеген»,— дейді. Депутат сөзінің жаны бар екенін ескерсе, билік ұйқыдан оянып, сергек қимылға көшер деген ниеттеміз.

Ермек Сахариев
23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771