Қазақстанның сыртқы сауда айналымы артты

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы артты

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 100 млрд долларға жетті» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елімізге 400 млрд доллар шетел инвестициясы тартылды. Мойындау керек, бұл жетістіктің негізінде, бірінші кезекте, Мемлекет басшылығының тұрақтылықтың кепілі ретіндегі тұлғасына деген жоғары сенім жатыр. Қазақстанның ТМД елдерінің ішінде тартылған инвестицияның бойынша жетекші орында тұруы – заңдылық. 2002 жылы Қазақстан бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде бірінші болып жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан инвестициялық тартымды ел деп танылды. Биыл бүкіл рейтинг агенттіктері инвестициялық рейтинг бойынша берген бағаларын растады. Тіпті көптеген көрсеткіштерді Қазақстан Үкіметінің рөлі мен жалпы ел экономикасының тұрақтылығын, сондай-ақ, қаржылық саланың орнықтылығын атай отырып көтерді. Бұл Ұлт көшбасшысы нұсқаған «100 нақты қадам» аясындағы институционалдық реформаларды тиімді енгізудің арқасында болды. 2018 жылы Astana халықаралық қаржы орталығы құрылды. Ол қазір шетел инвестицияның тарту мен халықаралық деңгейде қаржылық қызмет көрсетудің хабына айналды. Бүгін Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 100 млрд доллар болып отыр. Бұл елдің халықаралық резервін ұлғайтты», – деп мәлімдеді.

Ермек САХАРИЕВ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5699
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5845
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20821
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19444
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22909