Қобызшы, зерттеуші Саян Ақмолда туған жерінде

Қобызшы, зерттеуші Саян Ақмолда туған жерінде
Қобызшы, зерттеуші Саян Ақмолда туған жеріне ат басын тіреп, Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейіне келіп, музей залдарын тамашалады.
Қобызшы, зерттеуші, ұстаз. 1974 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген. Атасы Ермахан-сері атақты шертпе күйдің шебері Сүгір Әлиұлымен дос болған. Саян Ақмолда бар-жоғы 5 жасында домбыра тартуды үйренген. 17 жасында күйші Б. Дәуірбековпен танысып, соның баулуымен қылқобызды қолына алған. 1999 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның халық музыкасы факултетінің қобыз және баян кафедрасына оқуға түсіп, Базархан Қос-басаровтың класында сабақ алған.
1997 жылдан бастап Нұрғиса Тілендиев құрған әйгілі «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінде өзінің өнерін көрсете бастаған.
2000 жылдан бастап мәдениет саласын-дағы түрлі мекемелерде қызмет етіп, ел ішінде және шетелдерде өткен көптеген концерттер мен байқауларда өнерін паш етіп бірталай бас жүлделермен марапатталған.
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музейі
26.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5119
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5279
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20239
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18882
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22340