Қордайда соңғы екі жылда ауқымды жұмыстар атқарылды – Б. Сапарбаев

Қордайда соңғы екі жылда ауқымды жұмыстар атқарылды – Б. Сапарбаев

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Басқосу барысында аймақ басшысы екі жыл бұрынғы Қордай оқиғасынан соң Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауданда ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтіп, қарқынды жұмыстар жалғасын табу керектігін баса айтты.

  • Соңғы екі жылда Қордайда көп оң өзгерістер болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 35 миллиардтан астам қаржы бөлініп, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға барынша көңіл бөлінді. Ауқымды құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік нысандар салынды. Барлығы осындағы тұрғындардың игілігіне арналған. Бұлбағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы қажет.

Екі жыл бұрын орын алған жаппай тәртіпсіздіктердің салдары толығымен жойылып, бүлінген нысандар 100 пайыз қалпына келтірілді. Бүгінде тіршілік қалыпты күйге түскен. Дегенмен, болған жағдайдың себебімен күрес шаралары бір сәтке де тоқтамауы керек. Мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол беруге болмайды. Қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы нәтижелі жалғасуы тиіс,-дегеноблыс әкімі аудан әкімдігі мен ауылдық оркуг әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, тұрғындардың мәселесіне жіті мән беріп, өтініштеріне көңіл бөлудің маңыздылығын баса айтты.

Басқосуда аймақ басшысы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге тоқталып, Қордай ауданы түрліұлт өкілдері шоғырланған өңір екендігін ескеріп, қоғамдық келісімді сақтау, тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу жолында жұмыла жұмыс жүргізу керектігін жеткізді.

Бірлік бар жерде – береке бар деген сөз бекер емес. Жауапты орындар бірлесіп, өзара үйлесімділікпен әрекет етуі керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың табысын арттыру, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіңіздер,-деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар, жастар тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігін күшейту, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеу секілді жайттарға да айрықша назар аудару керектігін атап  өтті.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
22.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 9
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9169
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8567
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11795
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9563
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10775