Қош келдің, жас турист!

Қош келдің, жас турист!

Өткен апта соңында Алматы қаласында әлемнің бірнеше мемлекетінен келген жастардың басын қосқан VIII халықаралық спорттық-туристік «Жас турист» байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы – Алматы халықаралық қазақ-қытай тілі колледжі және Алматы қаласы білім департаменті. 

Байқау 3-5 маусым күні Алматы қаласындағы Медеу шатқалында орналасқан Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұйымдастырылды. Халықаралық шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жастармен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай Халық Республикасының командалары қатысты. Іс шара қазақ, орыс, қытай, ағылшын тіліндерінде жүргізілді. 

Жас турист халықаралық этно, эко, мәдени спорттық жобаның негізін салушы Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың (алтын медальдың) иегері, Алматы халықаралық қазақ-қытай тілі колледжі (академиясы) КЕАҚ басқарма төрағасы-ректоры Талғат Мамырұлы. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан этно, этно, эко экскурсиялық, спорттық, туристік байқаудың негізгі мақсаты – жастардың кәсіби біліктілігі мен тұлғалық қасиеттерін дамыту, туризм және өлкетану саласына қызығушылығын арттыру, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға және отансүйгіштікке тәрбиелеу, осы саладағы үздік тәжірибелерді анықтау. Осы арқылы қазақстанның ішкі туризмін шетелдерге таныту. Сонымен қатар жастар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау көзделді.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар биік жартастарға өрмелеу бойынша сынға түссе, екінші кезеңде жүгіру және туристік кедергілерден өту тапсырмаларын орындады. Бұл кезеңдер жастардың төзімділігі мен көшбасшылық қабілеттерін бағалауға бағытталды. Олардың ерік жігерлерін жанып, қабілеттерін шыңдаумен қатар туристерге жолбасшылық қасиеттерін қалыптастыру. 

Екі күнге созылған байқауда Бағалау комиссиясының шешімі бойынша бірінші орынды Халықаралық қазақ-қытай колледжі (академиясы) мен Алматы облысының Текелі қаласының құрамасы иеленді. Екінші орын Алматы технологиялық колледжіне бұйырса, үшінші орынды Өзбекстан және Қытай командалары бөлісті.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Білім берудегі жаңа технологиялардың  қалалық   ғылыми- әдістемелік және кәсіптік білім беру бөлімінің (ҚББЖТҒӘО) басшысы Сүлейменова Гүлнар Жәлелқызы, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Айгерім Меңдешқызы, Республикалық «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің (қоғамдық қорының) төрағасы, белгілі қоғам қайраткері, публицист және аудармашы Құрмет Қабылғазыұлы, Туризм және спорт министрлігі Қоғамдық кеңес мүшесі, Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының президенті, «Тұмар Транс» компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Раушан Шамиль, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD докторы, кафедраның қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы Иманбекова Бағдагүл Төлендіқызы, Қазақ спорт жане туризм академиясы «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы, туризм магистрі Еркегүл Дүйсекеева, Алматы қаласы Білім басқармасы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Сабира Кеңесбаева, KIMEP университеті Қытай істері жөніндегі офисінің бағдарлама менеджері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің оқытушысы және Консультативтік кеңесінің мүшесі Сұңқар Азатұлы және Алматы қаласындағы кәсіптік колледждердің басшылары қатысты. Олар жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Анель ӨМІРЖАН,

Алматы халықаралық қазақ-қытай тілі колледжі/академиясы/КЕАҚ 

баспасөз қызметінің хатшысы

12.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25935
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25380
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42784
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38614
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43182