Оқиға Сортөбе ауылында болған. Екі жасар бала тереңдігі шамамен 2 метр болатын бетон құдыққа құлап, есінен танып қалған. Туыстары сол сәтте оны Қордай ауданының орталық ауруханасына жеткізеді.
Баланың басын компьютерлік томографияға түсіргеннен кейін баладан бас миының жарақаты, 3 дәрежелі мидың көгеруі, сол жақта париетальды және оң жақтағы желке аймағының эпидуральды қан кетуі анықталып, жансақтау бөліміне жатқызылады. Сондай- ақ, оң жақта париетальды сүйектің жабық сынуы және тағы басқа дерттер де анықталады. Одан бөлек, отогематоликворея және 3 дәрежелі кома орын алған. Санитарлық авиация желісі арқылы сол күні Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саят Жұмабаев, анестезиолог Қалдыбек Үсенбаев пен облыстық орталықтан дәрігерлер бригадасы шақырылады.
Мамандардың консилиумынан кейін күрделі ота жасалады. Яғни, бас сүйегінің екі жағынан декомпрессиялық трепанациясы, ми қабықтарын пластикамен және ми ішілік қан ұйығыштарының жиналуы алып тасталады. Жалпы жағдайдың ауырлығына байланысты, сондай-ақ күрделі хирургиялық араласулардан кейін кішкентай науқас Таразға тасымалданбайды.
Сондықтан, ол Қордай аудандық орталық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болып, облыстың бас балалар нейрохирургі Саят Жұмабаевтың басшылығы мен облыстық балалар ауруханасының реаниматологтарымен бірлесіп емдеуді түзету және жалпы жай- күйін бақылау жүргізіледі.
Сәтті операциялардан кейін оң динамика байқалып, үшінші дәрежелі комадан шыққан бала екіншісіне көшті, ал жетінші күні ол комадан толығымен шығады.
– Науқас санавиациямен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Нейрохирургиялық бөлімде оң жақтағы құлақтан отоликвореяны жою үшін операциялардың екінші кезеңі жүргізілді. Операциялардан кейінгі баланың жағдайы оңалды. Енді ол жақын арада үйіне қайтады, – деді Саят Асылбекұлы.