Сіздерді қос мерейтойларыңыз «Qazaqstan dauiri» газетінің 30 және «Мөлдір бұлақ» балалар журналының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
«Qazaqstan dauiri» – өз оқырманы қалыптасқан, бағыты мен бағдары айқын басылымдардың бірі. Тәуелсіздік таңы атқан тұста тұсауы кесілген газет қоғам, саясат, руханият пен әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырған емес.
Ал жарқын болашақты қалыптастыруға сара жол салып, жас ұрпақты «Мөлдір бұлағымен» сусындатып келе жатқан басылымның үлкенге де, кішіге де берері мол.
Осынау мерейлі сәтте қос басылымға жарқын болашақ, ұжымға толайым шығармашылық табыстар тілеймін. Жаңа Қазақстанның қарқынды дамуы жолында қаламдарыңыз мұқалмай, қалтқысыз қызмет ете беріңіздер!