ҚЫР ТӨСІНДЕ ҚЫЗУ ТІРЛІК

ҚЫР ТӨСІНДЕ ҚЫЗУ ТІРЛІК
Қазір дала диқандары тәтті түбірді уақытылы жинап алу үшін тынбай еңбек етуде. Ондағы жұмыс қауырт. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов бірқатар шаруа қожалықтарды аралап, қант қызылшасын жинау барысын көрді.
Аудан басшысы алдымен Бурыл ауылдық округіндегі Ринат Елеуов жетекшілік ететін «Казахи» шаруа қожалығының қызылша алқабында болды. Биыл шаруа 160 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен тәтті түбір еккен. Шаруа қауым күн райының құбылмалы болып отырғанына алаңдаулы. Әрі десе қант қызылшасын жинайтын комбайнның жетіспеушілігі де жиын-терімнің уақытылы аяқталуына кедергі болуда дейді аудан әкімімен сұхбаттасқан шаруалар. Тәтті түбірді дер кезінде жинап алу үшін екі аптадай уақыт керек екенін айтқан шаруашылық иелері қолда бар мүмкіндікті барынша пайдаланып қалуға тырысуда.
Болат Сағынбеков, аудан әкімінің орынбасары:
- Бізде биылғы жылға аудан бойынша 1500 гектар алқапқа қант қызылшасы егілді. Бүгінде мың гектарға жуық алқап жинап үлгерсек, қазіргі кезеңде қалған бес жүз жиырма гектар көлемінде алқап қалып отыр. Қант қызылшасынан біздің алып отырған орташа өнімділік 320-330 центнерді құрауда. Аудан шаруалары бүгінгі күнге Тараз қаласында қант зауытына 17700 тонна қант қызылшасын өткізді. Мінеки, ауа-райының қолайлылығын тиімді пайдалану мақсатында, шаруа қауым екі ауысымда жұмыс істеуде. Күн райы бұзылып кетпеген жағдайда жиын-терімді аяқтайын деп отырмыз.
Бақыт Алпысбайұлы Көптерек ауылдық округіндегі «AnsAgro» шаруа қожалығының 52 гектар, Ботамойнақ ауылдық округіндегі Зауреш Наурызбекова жетекшілік ететін «Наурыз» шаруа қожалығының 60 гектар қант қызылшасы алқаптарын аралап, шаруа қауымның өтініштерін тыңдады.
- Биыл шаруа қожалық иелегіндегі 72 гектар жерге қант қызылшасын отырғызған болатынбыз. Мұнда қызылшаның швейцариялық «Турвата» тұқымын ектік. Сапасы мен қанттылығы өте жоғары болғанымен егілген дақылдың құрғақшылық пен ағын су тапшылығынан жиырма гектары күйіп кетті. Қазір қалған елу екі гектарды жинау үстіндеміз. Айтайын дегенім, аудан бойынша қант қызылшасын жинайтын техникалардың жетіспеушілігі жұмыс өнімділігіне кедергі келтіруде. Ауа - райы қолайлы болса, қант қызылшасын жинау науқанын арттыра түсеміз, - дейді Көптерек ауылдық округіндегі «AnsAgro» шаруа қожалығының басшысы Микаэль Хабибов бізге берген сұхбатында.
«AnsAgro» шаруашылығы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде төмендетілген бағамен 10 тонна жанар – жағар май мен минералды тыңайтқыштарға да берілген жеңілдікті пайдалана алғандарын жеткізді.
Аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Әлібек Қуанышев үстіміздегі жылғы қараша айының он бесінен бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруалардан өтінім қабылдауды бастаса, осы айдың соңына таман төлемақыға жіберілетінін жеткізді.
Айта кетейік, қант қабылдау орындары биылғы қант қызылшасының әр келісіне 10 теңгеден төлесе, мемлекет есебінен тәтті түбірдің әрбір келісі 14 теңгеден есептеліп, жалпы алғанда қант қызылшасына 24 теңгеден төленетін болады.
Байзақ ауданы әкімдігі
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10820