Қаңтардың соңғы 15-нен 29-ы күндеріндегі аяз. Бұл кезде қыс күшіне еніп, түкірік жерге түспейтін сақылдаған сары аяз болады. Қазақтар мұны «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Бұны қыс Шілдесі – Қаңтар деп атайды, өйткені бәрін малды да, жанды да қыс аязы қаңтарып қояды. Халық есепшілері болса, Үркер мен Ай арасындағы бұрыш тіктөртбұрыш жасап орналасса, «Қыс Шілдесі» уақыты басталады деп есептеген.
«Бөрі сырғақ» – қаңтар айының 15-нен 19-ы күнінде ат құлағы көрінбейтін борандар соғады. Қаңтардың қатты аязы 18-нен 19-на қараған түні қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Осы түн әлемдегі барлық заттың тазару түні, әсіресе судың ең тазаратын уақыты. Қасқырлар түнгі 00.00-ден таңғы 6.00-ға дейін жұптасады, ұйығады. Көпті көрген көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай қаңтардың осы түнін «Бөрі сырғақ» деп атайды. Сырғақ деудің себебі қатты соққан бораннан қар үстінде ештеңе тұра алмай, сырғанап ұшып кетеді. Ертеде бабаларымыз осы күнгі сумен нәрестені қырқынан шығарып, жүкті әйелдері жуындырған нәрестелер қасқырдай батыр болар деп. Көшпенді халық болған соң, таңғы төрт бестерде бұлақтың таза суын ішкен қасқырдай жүректі болады деп. Бұл біздің атабабаларымыздан қалған ырым-дәстүр.
Көк Түріктің дүниеге келген күні. Қазір Еуропада кино шығарып жатыр. Қанішер адам түнгі он екіден кейін қасқырға айналып, таңғы алтыға дейін қырып кетеді. Бұл біздің Түркі – Қазақ халқынан қорыққанынан осылай аңызға айналдырған. Бабаларымыз күні-түні ат үстінде жүріп бүкіл Еуропаны жаулап алғандықтан, Кентауыр деп ат қойып аңызға айналдырған.