Қысқы Универсиадада 11-орын алдық

Қысқы Универсиадада 11-орын алдық

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында аяқталған ХХХ Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының ең соңғы күнінде отандық хоккейшілер жүлделі үшінші орын үшін өткен сайыста Жапония жігіттерін 8:1 есебімен ойсырата жеңіп, Универсиаданың қола жүлдегері атанды. Биылғы 2023 жылы АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Қысқы Универсиадада қазақстандық спортшылар 11 медаль алды. Ұлттық құрама қоржынында үш алтын, төрт күміс, төрт қола медаль бар. Осы олжамен жерлестеріміз командалық есепте он бірінші орынға тұрақтады. Медальдар кестесінде 48 медальмен (21-17-10) Жапония көш бастаса, одан кейінгі Оңтүстік Кореяның 29 (12-8-9) және Канаданың 13 (6-1-6) медалі бар. Ел құрамасынан биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев чемпиондық тұғырға көтерілді. Екінші орын биатлоншы Александр Мухин, шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев пен Сергей Ткаченко (командалық жарыс), шорт-тректен аралас эстафета (Яна Хан, Мәлика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Абулкатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұқанов) және шорт-тректен ерлер құрамасына (Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлішер Абулкамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұқанов және Валерий Клименко) бұйырды. Ал қола жүлдеге биатлоншы Александр Мухин, шаңғышы Ксения Шалыгина, шаңғымен жарысудан әйелдер құрамасы (Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина) және хоккейден ерлер құрамасы қол жеткізді. Енді 2025 жылғы қысқы Универсиада Италияның Турин қаласында өтеді.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 60
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 172

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 92
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 168
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 164
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 173
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 172