Қытаймен су бөлісудің 3 мәселесі

Қытаймен су бөлісудің 3 мәселесі

Білікті мамандар Қазақстанның экологиялық проблемаларының көпшілігі трансшекаралық сипатта өрбиді дегенді айтудай-ақ айтып, жазудай-ақ жазып келеді. Ол заңды да, өйткені, су – тіршіліктің көзі. Сол себепті де халықты ауызсумен қамтамасыз ету – өзекті жәйт. Бұл проблемамен біз қазірдің өзінде бетпе-бет кездесіп отырмыз. Мәселен, Қазақстанның барлық өзендері ішкі және трансшекаралық деп екіге бөлінеді. Негізгі ірі трансшекаралық су объектілері – Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Әмудария, Сырдария, Шу, Талас және тағы да басқа өзендер. 

 

Оларды ұтымды пайдаланудың экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси һәм халықаралық маңызы да бар. Қазіргі таңда көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суын пайдалану проблемасын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Шындығында, трансшекаралық су проблемаларын реттеу жұмыстары айтарлықтай күрделі. Себебі Ертіс, Іле, Сырдария, Әмудария, Жайық, Тобыл және Шу секілді елдің басты өзендері көрші мемлекеттерден бастау алады. Бұл – Қазақстанның су ресурсының 40 пайызы, яғни бұл іргедегі елдерге осыншама мөлшерде тәуелдіміз деген сөз. Шығыс Қазақстанның екі ірі өзені – Ертіс пен Іле басын Қытайдан алады. Қазіргі кезде 4 миллионға жуық қазақстандықтарды сумен қамтамасыз ететін Ертістің суын қытайлар Шыңжаңдағы жаңа өнеркәсіп орталығы – Қарамайға бұрып тастаған. Қазақстан мен Қытай арасында шекараны кесіп өтетін 25 өзен бар. 2001 жылы қос тараптың үкіметтері трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы келісімге қол қойды. Бұл айтарлықтай жетістік болатын. Себебі, келешекте өзен суын бөлісуге қатысты келіссөз жүргізудің негіздеме құжаты пайда болды. Дегенмен, Ертіс пен Іле мәселесі толық шешілмеді. Оған, ең алдымен, біздің ел алаңдайды. 

Біріншіден, Ертіс пен Іле өзендерінің 70 пайызы Қытай аумағынан бастау алады. Екіншіден, олар Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арқылы өтетіндіктен, жыл сайын су пайдалану мөлшері артып келеді. Қытай үкіметі бұл аймақта хань ұлтының үлесін ұлғайтып, өңір экономикасын дамыту жоспарын іске асыруда. Әрине, бұл үлкен көлемдегі су мөлшерін талап етеді. 

Үшіншіден, 23 млн. халық тұратын аймақтан өзенге түсетін қалдық аз емес, әсіресе мұнай өнімдері үлкен залал келтіреді. Зардабын, тиісінше, Қазақстан мен Ресей тартуда. Қазақстанды ойландыратын негізгі мәселенің бірі – Ертіс пен Іле суының азаюы. Ал, Ертіс суына Семей мен Павлодар, Астана, Қарағанды қалалары қарап отырғанын ескерсек, онда су мөлшерінің жоғары деңгейде сақталуы Қазақстан үшін аса маңызды. Іленің келешектегі жағдайы да күмәнді. Оның тек 30 пайызы ғана Қазақстаннан бастау алады, қалғаны – Қытайдан. Бейжіңдегі үкіметтің Шыңжаң-Ұйғыр ауданындағы халық санын 100 миллионға жеткізу жоспары бар деседі.  Бұл сонша халық пен өндіріске қазіргіден де мол су керек болады дегенді білдіреді. Сәйкесінше, Іле мен Ертіс негізгі су ресурсына айналады. Зардабын Іленің етегіндегі Қазақстан көрмек. Оның үстіне Қытай БҰҰ-ның өзендерді пайдалануға қатысты конвенциясына қосылмай, трансшекаралық суларды қолданып келеді. Мысалы, олар Қытайдан бастау алып, Үндістан, Пәкістан, Мьянма, Лаосқа ағатын Меконг, Брахмапутра өзендерінің бойында көрші елдерге ескертпей, бірнеше ГЭС, тоғандар салып тастаған. Сол елдермен салыстырсақ, бұл салада Қазақстан дипломатиясы біршама жемісті. 2001-2018 жылдары ортақ комиссия 15 рет кездесіп, сарапшылар тобын құрды, гидробекеттерден ақпарат алмасу, Қорғас, Сүмбе өзендері бойындағы құрылыс жөнінде келісім жасалды.

Әрине жерімізге ентелей ағып келіп жатқан асау өзендермен бірге көршіміздің лас дүниелері де жетіп жатыр. Оның бәрі біздің «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының талабына жауап беру үшін тиісті орындар жан аямай жұмыс істеу керек деп ойлаймыз. 

 

Ермек САХАРИЕВ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 206
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 202
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 707
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 830
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 744

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8901
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8295
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11523
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9279
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10507