РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ЖҮГІ АУЫР

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ЖҮГІ АУЫР

2022 жылдың 5 маусымында 27 жылдық үзілістен кейінгі ел тарихында екінші референдум өтті. Референдум нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда жалпы дауыс беру арқылы қабылданған елдің қолданыстағы негізгі заңының үштен бірі өзгереді деп уәде етілді. Референдум өткізу идеясы ұсынылғаннан кейін, оны қолдағандар да, қарсы шыққандар да болды. Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтті. Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетеньде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек болды. Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәліметке сүйенсек: Референдум (лат. referendum – хабарлануға тиісті нәрсе) – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демократиялық институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады. Референдумның негізгі екі түрі бар: Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады; Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі. Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықаралық құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу ХХ ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Мысалы Еуропа Кеңесіне мүше болу-болмау мәселесі бойынша Франция, Дания, Норвегия, Швеция, Ирландия елдерінде Референдум өткізілді. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімшілік-аумақтық құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады. Референдум белгіленген күні өтіп, дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00 дейінгі аралықта жүрді. Бұл айтулы оқиғаға арнап республиканың барлық облысынан 10 мыңнан астам дауыс беру учаскелері ашылды. Шетелдегі қазақстандықтар үшін 52 мемлекетте 65 учаске жұмыс істеді. Референдумды 10 ұйым мен 25 елден 272 бақылаушы, сондай-ақ 215 шетелдік журналист бақылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Мемлекет басшысы сол жерде қазақстандықтарды өтіп жатқан референдуммен құттықтап, журналистердің сауалдарына жауап берді. – Референдум, бұл – «жай» өзгерістер емес, демократияландырудың маңызды қадамы. Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес азаматтардың, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау артуда. Жаңа орган – Конституциялық сот құрылуда. Сонымен қатар, азаматтар кейбір нормативтік актілер Конституцияға қайшы келеді деп санаса, тікелей жүгіне алады. Бұл өте маңызды, қолданыстағы Конституцияда мұндай құқық болған жоқ, – деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, з. ғ. д., профессоры Еркін Оңғарбаев. Сонымен қатар, Адам құқықтарының бұзылуына кедергі келтіретін немесе оны қалпына келтіретін адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі артып келеді. Омбудсменнің құқықтық мәртебесі мен басқа да өкілеттіктерін толық айқындайтын жаңа бап болады. «Мұндай өзгерістер өте көп, сондықтан мен бұл «жай» өзгерістер деп айтатын кейбір азаматтармен келіспеймін, революциялық өзгерістер жасау керек болды». Сондықтан кезең-кезеңімен саяси жаңғыртуды іске асырып, қоғамымызды демократияландырамыз және тиісінше, бұл қадам өте маңызды. 5 маусымда референдумға барып, конституциялық өзгерістерді қолдап қана қойған жоқпыз, еркіндікті, демократияны қолдадық. Себебі бұл Екінші Республика қызметінің бастауы болып табылады.

18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 114
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 37
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 117
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 113
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 216
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 221
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 207
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 217
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 222
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10258
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13503
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12457
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17465