Ресейден кімдер келіп жатыр?

Ресейден кімдер келіп жатыр?

Ресей – Украина соғысы басталғалы да төрт айдан асты. Орыстың айтқыштары «Үш күнде Киевті басып аламыз» деп жар салған тұста, кейбір «көріпкелдер» бұл соғыстың кемінде бір жарым жылға созылатындығын айтқан еді. «Жаманның айтқаны келмейді, сандырағы келеді» демекші, Ресей Үкіметі «әскери операция» деп жұмсартып атаса да, күллі дүние «шапқыншылық соғыс» деп мойындаған осы қантөгіс айнала жұртқа кері әсерін тигізбей қалмады. Түрлі экономикалық өзгерістермен қоса Ресеймен көршілес отырған елдерге жан-жақтылы қысымдар мен алуан түрлі тәуекелдерді қоса туғызды. Соның бірі ресейліктердің Орталық Азия елдеріне қарай қоныс аудару мәселесі деуге болады. Өз алдарына шаңырақ көтеріп, ұлттық мемлекет құру жолында талпынып жатқан аймақтағы «кішкентай» елдер үшін алда болуы мүмкін миграциялық ағын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге батыстан төнетін санкциялар қатері, сыныққа сылтау іздейтін мазасыз көршінің қырсық мінезі – бәрі де салмағы бар мәселеге айналып келе жатқандай...

 

Елге 400 мыңнан астам Ресей азаматы келген

Здесь нам лучше, чем дома»: почему казахстанцы уезжают в Россию?Осы төңіректегі сұраулар Қазақстан азаматтарын да бейжай қалдырған жоқ. Бұған қарата ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі «2022 жылдың 24 ақпанынан маусымның басына дейін 42 506 ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алды. Өткен жылы осы уақыт аралығында Ресейдің 2 230 азаматы ЖСН алған болатын. Қазақстанға Ресей төлқұжатымен 400 мыңға жуық адам кірген. Елімізден 580 мың адам шетелге кеткен. Бұған карантиннің әлсіреуі және сәуір айында құрлықтағы шекараның ашылуы себеп болып отыр. Бұрын тек ұшақпен ғана кіріп-шыға алатын. Келушілердің үштен екісі Қазақстанға құрлықтағы шекара бекеттері ашылғаннан кейін кірген. Елден кеткендерге қатысты үрдіс те осындай» деген ақпарат таратты.

Дегенмен халық арасында көбейе бастаған пікірлерді ескерді ме, әлде АҚШ бастаған алпауыттардың санкциясына ілігіп қалуға алаңдады ма, әйтеуір,  Электронды үкімет сайтының әкімшілігі «техникалық себептерге байланысты 26 мамырдан 2022 жылдың 1 қазанына дейін Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға электронды үкімет порталы арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) беру қызметі уақытша тоқтатылғандығын» хабарлады. 

Соғыс басталғаннан-ақ ел ішінде Ресейден келушілердің күрт көбеюінен сақтану керектігі ашық айтыла бастаған еді. 2022 жылы наурыздың басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бұл туралы түсінік бергені есімізде. Министр халықты сабырға шақырғандай болып, «барлығын бақылауда ұстап отырмыз» деді. 

«Біз қазір нарықтағы жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Бірақ дәл қазір мұндай жаппай ағын, яғни ресейлік азаматтардың бізге келіп жұмыс істеуі байқалмайды. Әзірге мұндай болжам жоқ. Алайда жағдай күн сайын өзгереді. Біз мониторинг жүргізіп жатырмыз. Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстан бірыңғай экономикалық одақта тұрғандықтан, біздікілер Ресейде, ал ресейліктер бізде жұмыс істеуге құқылы. Бұл – ортақ еңбек нарығы. Олар бұған дейін де бізге келіп жұмыс істейтін. Сондықтан одаққа мүше елдердің азаматтары үшін ешқандай шектеу, кедергі жоқ. Егер ресейлік мамандар Қазақстанға жаппай ағылса, тиісті шаралар қабылданады. Яғни жұмыспен қамту орталықтары бірінші кезекте қазақстандықтарды жұмысқа орналастырады», – деп мәлімдеді. Онан бері де төрт ай зулап өте шықты. Уәде берген Шәпкеновтың орнына кезінде осы саладан кеткен Тамара Дүйсенова келді.

Дегенмен ЕАЭО-ға мүше елдер арасында азаматтардың бір-бірлеріне барып қызмет істеуіне аса көп кедергілер жоқ екені белгілі. Сондықтан да Ресейден келетін мамандарды «қазақтардың нәпақасына ортақтастырмаймын» деуге құқы жоқ секілді... Керек десеңіз, қолында өнері бар адамдардың елімізге келіп, мамандар тапшы болып отырған салаларда жұмыс істеулеріне пейілді шенеуніктер де жоқ емес. Сондай-ақ ірі бизнес өкілдерінің Қазақстанға келіп кәсіпкерлікпен айналысуына да қазақ үкіметі қарсы еместігін жасырған жоқ.

 

Халқы Путинге дән риза

Представляете, как все эти санкции сплотили русский народ": американцы - о  выступлении Путина на "Крымской весне" | СОВА - главные новости СамарыРесейдегі жағдайды жіті назарда ұстап отырған шетелдік танымал басылымдардың сараптамаларына қарағанда, қазірше Ресейдің үгіт-насихат құралдары аса жақсы жұмыс істеп жатқан көрінеді. Мұның бір дәлелі – экономикада өзгерістер білініп, зат бағасы шарықтап кеткендігіне қарамастан, халықтың Путинге деген сеніміне селкеу түспегендігі, бүкіл әлем «шапқыншылық соғыс» деп баға берген бұл қантөгісті «орыс әскерлері Украина жеріндегі құқықтары тапталып, ана тілдері шектеуге ұшыраған миллиондаған қандастарын қорғау үшін жасап жатқан арнайы операциясы» деп түсінетіндігі. Мәселен, «www.bbc.com» сайты 16 маусым күні агенттіктің бір тілшісінің Санкт-Петербург қаласына жасаған үш апталық сапары кезіндегі көрген-білгендерін жария етіпті. Аталмыш мақалада қазіргі таңда Ресей халқына экономикалық қиыншылықтардың кәдімгідей әсер етіп жатқандығын сөз еткен. «Өмір сүру деңгейі төмендегенімен, Украина соғысынан бері Ресейдегі бірнеше тәуелсіз сауалнамалық агенттіктердің сауалнама нәтижелері халықтың Путинді және Ресей армиясының Украинадағы «арнайы әскери операциясын» қолдауы 80%-ға жеткенін көрсетті. Шатастырмаңыз, менің ойымша, сауалнама нәтижелері дұрыс емес», – дейді автор. Бұл жерде мемлекеттік үгіт-насихат қызметінің «өте табысты» жұмыс істеп жатқандығын    қыстыра кетіпті. 

Батыста Ресей армиясының Украинадағы бейбіт тұрғындарды қалай өлтіргені және Украина әскерінің Ресей армиясына қалай тойтарыс беріп жатқандығы туралы ақпараттар сәт сайын ашық айтылып, көрсетіліп жатыр. Ал Ресей телеарналарында керісінше Украина армиясының Донбастағы этникалық орыстарды қалай бомбалағаны, Ресей армиясының бақылаудағы аймақтарға гуманитарлық көмек көрсеткені, ауруханалар салғаны және халыққа күнделікті қажетті заттарды қалай таратқаны ғана көрсетіледі екен. Президент Владимир Путин күн сайын дерлік теледидар жаңалықтарына шығады, әртүрлі кездесулерге төрағалық етеді. Балаларды қорғау күнінде Ресейдің түкпір-түкпіріндегі отбасылармен, балалармен бейнеқоңырау арқылы кездесулер өткізеді. Таяуда ғана Ресейдің «Тәуелсіздік күнін» дүркіретіп өткізген Мәскеу, Кремльде елге еңбегі сіңген азаматтарына орден мен медальдан «шашу шашты». Мәскеуде орналасқан «Левада Центр»  тәуелсіз сауалнама агенттігі жүргізген сауалнамаға сәйкес, халықтың 64%-ы негізгі ақпарат көзі ретінде тек теледидар жаңалықтарына ғана сенетіндігін жариялапты. Қазіргі күнде Ресейде қабылданған заңдарға сәйкес, БАҚ беттерінде Ресей әскерилерінің Украинадағы әрекетін сипаттау үшін «соғыс» немесе «басқыншылық» сөздерін қолдануға мүлде тыйым салынған. Сондай-ақ, әскерилердің әрекетін сынауға болмайды екен. Осылайша қарапайым халықтың назарында «Ресей армиясы Украинадағы жергілікті тұрғындарды құтқарып, қатыгез украин әскерімен күресіп жатыр» деген түсінікті мықтап орнықтырып үлгерген.

Бұл қазірге дейін шетелдіктер күткен «Ресейде ішкі соғыс туылуы мүмкін, адамдар бұл соғысқа қарсы жаппай наразылыққа шыға бастайды. Яғни осы әрекеті Ресейдің       күйреуіне бастайтын алғашқы қадамдары болмақ» деген болжамдарына кереғар шығып жатқандай. Бұл тұрғыдан алғанда өз Отандарына деген сенімі азайған миллиондаған   орыстар елден үдере көшіп, алыс-жақындағы елдерге қоныс аудара бастайды деуге әлі ерте сияқты.

 

Шынында да, бізге кімдер келіп жатыр?

«Қазақстанға кімдер келіп жатыр?» деген мәселе қазіргі таңда көп адамдардың ойында жүрген сұрақ деуге болады. Тіпті «еңбек нарығын келімсектер жаулап ала ма?» деген алаңдаушылықтың туындап отырғаны да жасырын емес. Жоғарыда құзырлы мекемелердің таратқан ақпараттарына қарап отырып, 2022 жылдың алғашқы алты айында елімізге 40 000-нан астам Ресей азаматы нақты мақсатпен келгендігін байқаймыз. Яғни ЖСН алған 42,5 мың ресейлік азамат жәй ғана турист немесе туысына қыдырып келген азамат емес деген сөз. Қазір ресейліктердің арасында әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтығын алу немесе осында тұрақты тіркеуге тұру, Ықтиярхат алу жағында ақпарат беретін парақшалар көбейгендігі айтылып жатыр. Бұлардың басым бөлігі жастар әрі түрлі мамандық иелері сияқты. Олай дейтініміз  әлеуметтік желілерде таралып жатқан алуан түрлі ақпараттар осындай ойға жетелейді. Бұлардың бірсыпырасы Қазақстан азаматтығын алып, онан ары шетелдерге кетуді жоспарлап отырғандарын жасырмаған. Осы тұста «Ресейдегі жалақы мәселесі қандай?» деген сұрақтың туындайтыны сөзсіз. Себебі біздегі жалақы мөлшері Ресейден жоғары болса, қазақ даласына қарай ағылатындардың көбейетіні сөзсіз дер едік. 

Қазіргі мәліметтер бойынша, қарапайым ресейлік полицейлердің айлық жалақысы 40 мың рубльге жетпейді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің зейнетке шыққаннан кейінгі зейнетақысы айына 20 мың рубль,      қарапайым жұмысшылардың зейнетақысы небәрі 15 мың рубльді құрайды екен. Алайда демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында қолға алынған шаралардың Қазақстаннан әлдеқайда ілгері екендігін білеміз. Олардағы «Ана капиталы» бағдарламасы көпбалалы аналарға жақсы қамқорлық көрсетіп келе жатыр. 

Осы айдың басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 16 424 шетел азаматы еңбек етеді. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 651 адам, Түркия – 1 853 адам, Өзбекстан – 1 605 адам, Үндістан – 1 577 адам, Ұлыбритания – 1 113 адам (ақпараттың қатысты бөлігі ғана алынды), – деп хабарлады. Бұл жерде Ресейден келген шетелдік жұмыс күші туралы айтылмапты. Соған қарағанда, жоғарыда аталған «ЖСН алған 42,5 мың Ресей азаматы» әлі күнге дейін мемлекеттің арнайы тіркеуіне ілінбеген сияқты.

Осында аталған қарапайым салыстыруларға зер сала отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады. Бүгінге дейін елімізге келген Ресей азаматтарының басым бөлігі туристер және туысшылай келіп жатқан жолаушылар деуге болады. Себебі Еуропа мен АҚШ елдері ресейліктерге қақпаларын тарс бекітіп тастағанына бірнеше айға созылып барады. Сондықтан жаз айларында шетелдерге демалысқа кететін орыстардың өрісі тарылғаны белгілі. Келушілердің тағы бір тобы мамандық иелері дер едік. Олар біздің елдегі жоғары жалақы төлейтін түрлі жұмыс орындарына жұмысқа тұруды мақсат етіп келгендер. Мұның ішінде IT мамандары алдымен көзге түсіп жатыр. Үшінші тобы Қазақстан азаматтығын алу арқылы ары қарай шетелге қоныс аударуды жоспарлап отырғандар болмақ. 

Осы тұста Ресейде жағдай күн санап нашарлай беретін болса, елге келетіндердің ағыны молаятыны сөзсіз. Біздің болжамымыз бойынша, олардың алдыңғы қатарында кезінде Қазақстаннан Ресейге көшіп кеткен «ескі достарымыз» болмақ. Дегенмен санкциялардан әзірше аман тұрған, орыс тілімен өмір сүріп жатқан, ортасы тыныш Қазақстан орыстарды қызықтырмай қоймайтыны анық. Ал мұндай тосын өзгерістерге қазақ үкіметінің дайындығы қаншалық екендігі алдағы күннің еншісінде... Дегенмен онсызда орыс тілі үстемдік етіп отырғандықтан, келімсектер келсе, одан сайын рухымыз түсіп қала ма деп қорқатынымыз рас. Сондықтан жалпақшешейліктен арылып, тез арада қатал шаралар қолданбасақ, келімсектер қаптап кетуі әбден мүмкін.

 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602