Орталық коммуникациялар алаңында ЕАЭО-дағы ортақ газ нарығы туралы келісім бойынша келіссөздердің барысы туралы айтқан Энергетика министрі Болат Ақшолақов: «Қол қойылған құжат жоқ, келіссөздер жүріп жатыр, кеше ғана өтті. Ресей жақтың ұсыныстарының бірі барлық төлемдерді рубль арқылы өткізу болды. Газ сатып алу үшін ол (сатып алушы) кез келген валютаны таңдай алады және негізінен ешқандай шектеулер болмауы тиіс: ол кез келген ұлттық валюталар, соның ішінде ресейлік рубль мен біздің теңге болуы мүмкін. Сондықтан біз Ресей ұсынысынан бас тарттық», – деп түсіндірді.