Ресейге тағы бір қадам...

Ресейге тағы бір қадам...

 

10 ақпан күні президент Қ.Тоқаев ресми сапармен Ресей астанасына барды. Бұл туралы сенімді ақпарат ең алдымен Ақорда сайтында жарық көрді. Онда екі ел басшыларының кездесуі, жасалған келісімдер және журналистермен болған кездесулері жайлы егжей-тегжейлі айтылып жатыр.

«Президенттер екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың табысты дамуын жоғары бағалап, саяси, экономикалық, сауда, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды тереңдетуге екі тараптың да мүдделі екенін айтты»- делінген «https://www.akorda.kz/»- те. Сөз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Алдағы келіссөз барысында Қазақстанның және екі елдің де стратегиялық мүдделерін қамтитын бірқатар өзекті мәселе бойынша пікір алмасуды жоспарлап отырмыз. Маңызды келісімге қол қойылды. Жалпы, саяси ерік-жігер бар, өзара стратегиялық, одақтастық қарым-қатынастар бойынша нақты нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бұдан бұрын да Қазақстан мен Ресейдің Құдай қосқан көрші екенін айтқанбыз. Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара да бізге тиесілі. Елдеріміз арасында достық пен ынтымақтастықтан басқа қарым-қатынас болуы мүмкін емес»- деген. Ал Ресей басшысы болса екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарыдң 30 жылдығын еске ала отырып алдғы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыстардың көп екендігін айтқан.

- «Ресей Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі екеніне қуаныштымын. Халықаралық алаңдарда да тығыз ынтымақтастық орнатқанбыз, бұрынғы Кеңестік кеңістіктен тыс ірі халықаралық ұйымдарда да ықпалдастығымыз бар. Биыл дипломатиялық қатынастарды орнатқанымызға – 30 жыл. Бірқатар көлемді іс-шара өткізу көзделіп отыр. Олар біздің іскерлік, гуманитарлық байланыстарымызға пайдалы болатынына сенімдімін. Ғарыш, энергетика, машина жасау салаларындағы ірі жобалар бойынша бірлесіп атқаратын жұмыс көп»-, деді Владимир Путин.

Бұдан ары екі президенттің кездесуі барысында қол қойылған 11 құжаттың тізімдігі берілген.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясы Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі арасындағы цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясы арасындағы Жерді қашықтан зондтау ғарыш аппараттарының деректерімен алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

3.  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Росатом» атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы (Ресей Федерациясы) арасындағы Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қадрларды даярлау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

4.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

5. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім.

6. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

7. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі (Ресей Федерациясы) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

8. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу  университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы мемарандум.

9. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Мәскеу физико-техникалық иниституты» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

10. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «И.М.Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университеті (Ұлттық зерттеу университеті)» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

11. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Нақты механика мен оптика институты» ұлттық зерттеу университеті»  федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Жасалған келісімдердің мәтініне қарай отырып, соңғы кездері жұрт талқысына көбірек ілінген бірқатар маңызды мәселелерге нүкте қойылғандығын байқау қиын емес. Оның ең алғашқысы Қазақстанда АЭС салу мәселесі тұр. Бұл тақырып халық арасында қызу талқыланып, БАҚ-беттерінде АЭС салуға қарсылық білдірілген көптеген мақалалар жарық көрген болатын. Пікір білдірушілер қазақ жерінде АЭС салудың тиімсіздігін, салған күннің өзінде оны Жапония, Франция секілді елдермен бірлесе игеру керектігін, Ресейдің бұл жақтағы тәжірибесінің және әлеуетінің артта қалғандығын алға тартып еді. Алайда мемлекет басшысы бұл мәселені ары қарай соза беруді құп көрмеген сияқты. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Росатом» атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы (Ресей Федерациясы) арасындағы Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қадрларды даярлау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум»- мұның айқын дәлелі болды. Яғни орыстар ең алдымен қазақ мамандарын даярлайды. Мүмкін сонымен параллель «Балқашта салынады» делінген АЭС құрылысы да Ресей компанияларының қатысуымен жүргізіле беруі мүмкін...

Жұрт назарын аударған тағы бір мәселе Қасым-Жомарт Тоқаевтің соңғы кездегі «Болашақ» бағдарламасы туралы айтқандарымен қатысты еді. 2022 жылы 21 қаңтар күні елдегі ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасының бағыты өзгеретінін аңғартқан болатын. «Біз тым көп экономист, заңгер, менеджерді дайындаймыз. Қазір біз техникалық бағыттағы мамандықтарға көбірек назар аударуымыз қажет. «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, мүмкін бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық жоғары оқу орындарына жіберерміз»- деген еді Тоқаев мырза. Президенттің бұл сөзін талқыға салғандар арасында, қарсы пікір танытқандардың қарасы көп болды. Олардың уәжіне құлақ түрсек, Назарбаевтің жүзеге асырған жақсы бастамаларының бірі «Болашақты» ары қарай сол бағытпен шетелдердің ең жоғары оқу орындарына қарай бағыттай беру керек дейді. Ал Ресейдегі оқу орындарының, Қазақстанмен пәлендей айырмашылығы жоқ көрінеді... Алайда бұл пікірлердің Ақорланың назарына ілікпегендігі белгілі болды. Оның дәлелі- келіссөздер барысында екі ел арасындағы білім беру, мамандар даярлау жөнінде бірнше маңызды құжатқа қол қойылғандығы еді. Әрі Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы да уағдаластыққа қол жеткізілгендігі белгілі болды.

Айта кетерлігі бұл келісімдердің өн-бойынан, өткен жылдың соңына қарай қоғамда қатты аңыс қозғаған «Сбер- eGov құдандалығы» тағы да төбесін көрсетті. 2021 жылы 3 қыркүйек күні ашылған «VI Шығыс экономикалық форумыны» аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Сбербанк басқармасының төрағасы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Анығы «Қазақстан Республикасындағы цирфлық трансформация, цифрландырудың платформалық моделіне және Data-Driven Government тұжырымдамасына көшу жобаларын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум»- делінген еді ресми ақпараттарда. Онда «ресейлік компания Қазақстанның мемлекеттік секторын цифрландыру жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысады»- делінген. Осыдан барып «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің базасы- eGov.kz порталы ресейлік мамандардың қолына өтеді»- деген әңгіме шыққаны белгілі. Даудың қызған шағында министр Бағдат Мусин егжей-тегжейлі түсініктер жасай келіп, «бұлай деуге негіз жоқ»-, деп сендірген болатын. Көпшіліктің көкейінде жүрген, «бұл сала міндетті түрде шетелдіктердің көмегімен жүзеге асырылатын болса, неліктен өзге дамыған елдердің компанияларымен ынтымақтастық жасауға болмайды»- деген сауалына әлі күнге нақты жауап берілген жоқ. Есесіне арада 5 ай өткенде қазақтардың цифрлық даму саласындағы басты әріптесі әрі сенімді серігінің Ресей екендігі ресми құжатармен шегеленгендігін көрдік. Президент қол қойған «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясы Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі арасындағы цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумы»- қазақтар қаласа да қаламаса да ресейлік «IT-шниктердің» қазақтарға біраз нарсе жасап беруі үшін айқара ашылған есік екендігі түсінікті болса керек...

Путинмен кездесуі кезінде «Қаңтар оқиғасынан кейінгі алғашқы сапарым» депті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза. Анығы «Қаңтар оқиғасынан» кейінгі екінші сапары. Мемлекет басшысы алғашқы сапарын Бейжіңнен бастап, ізін суытпай Мәскеуге ат басын бұрды. Онда да соңғы кезде баса дәріптеп жүрген бір бөлім стратегиялық жоспарларын орыстармен бірлесіп жүзеге асыратын болып қол алысып тынды. Осылайша қазақ елі Ресейге тағы бір қадам жақындай түсті...

 

 

 

 

 

Ерқазы Сейтқали
11.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779