Рухы биік дәрігер

Рухы биік дәрігер

Алтынғазы деген ат сирек ұшырасады. Күні бүгінге дейін кездестірмеппін. Әсте атасы ма, әлде әжесі ме, алтын қазы болсын, билік айтсын деген ниетпен қойған шығар деп ойладым. Менің осы ойымды білген ол: «Менің атымды әкемнің туған қарындасы Жәмила әпкем қойған», – деді. Әпкесінің көңіліндегі сол үміті орындалмағанымен, халыққа қызмет етсін деген ізгі ойы қабыл болып, Алтынғазы Секербекұлы Тобатаев алтын қолды хирург-дәрігер атанды. – Дәрігер қай кезде де халықтың сұранысындағы мамандық қой. Кімге ұқсағыңыз келді, қалай таңдадыңыз? – деп ақырын сыр тартып едік, әңгімесін әріден өрбітті. – Жамбылдықпын. Луговой деген аудан болатын. Қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы. Сондағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте білім алдым. Біз мектеп бітіретін 1971 жылы «Кім боламын?» деген тақырыпта мамандық таңдау кеші өткізілді. Мектебімізде үздік оқып, Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген соң, Жамбылда жақсы атағы жарқырап шығып жүрген Төлеген Жақыпбекұлы Егенбердиев деген хирург ағамыз болатын. Қазір профессор, Алматыдағы кардиологиялық орталықтың директоры. Бүкіл ауылдың аузында сол кісі жүреді. «Облыста Төлегенге жететін хирург жоқ!» деп мақтайды. Сөз кезегі келгенде мен сол ағадай ақ халатты абзал жан боламын дедім. Кітап сөзіндей етіп айтқаным бәріне ұнаған болу керек, отырғандардың бәрі дүркіретіп қол соқты. Солай деп айтуын айттым-ау, алайда мединститутқа сол жылы түсе алмадым. Конкурстан «омақаса құладым». Құр босқа салақтап жүрмеймін ғой, ауылға келе салып колхоздың қара жұмысына білек сыбана кірістім. Келер көктемде жасым жетіп, әскерге алып кетті, – дейді ол күлімдеп. Алтынғазы әскери борышын мақтаулы жауынгер болып бітіреді. Елге оралғаннан кейін арман етіп жүрген Алматы Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетінің дайындық бөліміне түсіп, келер жылы осы факультеттің студенті атанады. Әрмен қарата оқу, мамандықты жақсылап игеру жолында ізденіске ұласады. 1982 жылы оқуын бітіргенге дейін есімдері елге әйгілі академик-ғалымдар, профессорлар Алшынбай Рақышев, Мендолла Құланбаев, Тұрар Көкеев және басқа да толып жатқан ұстаздардан тәлім алады. Алтекеңнің курстасы, жерлесі Юля Өмірзаққызы Есенбаевамен шаңырақ құрып, туған жеріне оралды. – Институт жолдаманы Шуға берген еді. Сондағы орталық ауруханаға уролог болып орналастым. 14 жыл ізденген, талпынған кім-кім үшін де үлкен кезең ғой. Алдыма маған ота жасаңызшы деп өтінішпен келетіндер көбейді. – Алған диплом дәрігерлік мамандыққа рұқсат қағаз іспетті құжат қана деп ойлаймын. Нағыз дәрігер болу әрбір дипломды маманның қолынан келе бермейді. Ол үшін үзбей ізденуің, ерінбей еңбектенуің керек. Көп жылдық тәжірибемен ғана жинақталатын ауыр мамандық қой бұл. Алтынғазы Секербекұлы 1996 жылы Рысқұлов аудандық ауруханасына меңгеруші болып ауысады. 1997 жылдан 2004 жылға дейін Тараз қаласындағы №4 емханада бөлім меңгерушісі қызметін атқарып, кейін Алматыға қоныс аударды. Шыңғысы Астанада Мемлекеттік кіріс комитетінде жауапты қызметте жүрсе, ортаншысы Руслан банк саласында, ал кенжесі Шоқан Санкт-Петербугте Павлов атындағы академияда. Біз тілдесіп отырған Алтынғазы ағамыз 2009 жылдан бері Алматы қаласындағы соғыс және еңбек ардагерлері тіркелген №7 емханада хирург. Біз, Желтоқсан көтерілісінің қаһармандары, сол жерде қараламыз. Емхананың бас дәрігері жыл сайын көтеріліс күндері қарсаңында арнайы бір күнді белгілеп, бүкіл желтоқсандықтарды дәрігерлік тексеруден өткіздіреді. Әңгімеміздің арасында кейінгі жас маман ізбасарлары жөнінде де не дер екен деген оймен тамырын басып көрдік. – Білімнен қию кеткенін өздерің менен жақсы білесіңдер. Баяғы бізді ұйытып оқытқандай оқытатын оқулықтар жоқ. Ғалымдарымыз отыз жылда жөні түзу кітап жаза алмады. Тест тапсыру деген бірдеңені енгізді. Көп жылдан бері бейшара балалар «бар» не «жоқ» деген жалпы жауаппен шектелетін сынаққа жіпсіз байланды. Мұның кесірінен сауатсыз ұрпақ жауыннан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптады. Солар жоғарғы оқу орындарына түседі, сенделіп жүріп, әйтеуір бітіреді. Бітіргендер бізге де келеді. Сөйлесіп, білім деңгейін тексерсең, несін айтайын, біздің бітірген кезімізбен салыстырғанда арамыз аспан мен жердей, – деді ол. Алтынғазы Секербекұлының осылай ашылып, ашынып айтқан ойларынан-ақ айналасындағы болып жатқан құбылыстарға, өз мамандығы саласындағы бас бермей кеткен келеңсіздіктерге немкетті қарамайтынын анық аңғарып, ол кісіге деген құрметіміз еселеп арта түсті. Аман болыңыз, Алтеке! Сіз елге керексіз. Өйткені қоғамымыз сырқат. Сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар да сырқат. Сондықтан сол сырқаттарды азайтып, емдеу үшін керексіз...

Бақыт БАЙНИЯЗОВ
31.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 66
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 120
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 29
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 69
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 67
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 120
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 153
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 155
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 145
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 152
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 158
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 152

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11280
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10216
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13462
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12416
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17424