Сәбит ойланып отырмай ерлік жасап еді, Ғабекең де көп адам ойланып отырғанда, ойланбай үй сыйлап жіберді!
Депутат екен ғой. Балаларды жақсы көретін сияқты. Сондай балапанның біріне әуелі Алла, сосын Сәбит өмір сыйлады бүгін. Ол өлшеусіз бақыт!
Жалпы, ниет деген нәрсе көп нәрсені шешеді. Сәбиттің ниеті жақсы бала ғой, Алла алдынан шығарды деп ойлаймын.
“Біздің елдің жігіттері - жігіттердің төресі” дейміз. Сосын Сәбиттің жанындағы досы Сағи да алғыс естіп, марапат көруге лайық жігіт дер едім.
Сәбиттің келіншегі риза болды-ау бүгін)
Дүйім ел бір күнде жігітін жұлдыз қып жіберді)
Мейірім жүрген жердің бәрі әдемі ғой!
Мотивация деген осы. Дүниені мейірімсіздік жайлап кетті дей бермей, осындай шуақты адамдарды үлгі етейік. Ақындар жырына қосса, жазушы кейіпкері етіп таңдаса күшті ғой! Оны талай жас оқып, жақсылыққа ұмтылса.
“Жақсылық жасасақ жақсылыққа жетеді екенбіз-ау!” деген ой салдың бүгін, Сәбит!
✅Үй сыйлаған азамат туралы аз-кем ақпарат бар екен:
“…Солардың бірі – партияішілік праймериздің нәтижесінде елордалық мәслихаттың депутаты болған Ғабит Сатмағамбетов. Павлодар облысының балалар үйінде өскен оны кейіннен баласы жоқ отбасы асырап алады. Болашақ халық қалаулысы заңгерлік білім алып, адвокат болып жұмыс істейді. Бірақ уақыт өте келе өзін басқа салада сынап көрмекке бел буып, құрылыс компаниясын құрады”