Шағын футбол алаңы ашылды

Шағын футбол алаңы ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жерге туыңды тік» кіші бағдарламасы аясында Темірбек ауылдық округінде Сарыбарақ негізгі мектебінің 1984 жылғы түлегі, жаны жомарт азамат Нұржан Сембековтің демеушілігімен кіші футбол алаңы ел игілігіне ұсынылды. 

Сарыбарақтық ағайынның қуанышымен бөлісуге аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров барды.

Алдымен аяқдоп алаңының ашылуына арналған лента қию рәсімі орындалды. Оны атқару үшін ортаға аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, зейнеткер-ұстаздар Амантай Төлепбергенов пен Тоқтағұл Мамасеріков шақырылды. Ақ жаулықты аналар шашу шашып, қонақтар жаңа ашылған алаңға беттеді. 

- Бүгін, Сарыбарақ елді мекенінде үлкен той десек те болады. Өйткені, ауыл азаматы Нұржан Сембеков ағамыз ел игілігі үшін шағын спорт алаңын пайдалануға беріп отыр. елден түлеп ұшқан түлектер өз туған жеріне көмек қолын созуы кейінгі кезде дәстүрге айналғаны белгілі. Бұл, осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтардың елі мен жері үшін қызмет ететінін көрсетеді. 

Облыс әкімінің бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынғанын білесіздер.  Осы бағытта мектептен түлеген түлектер өз мектептеріне көмектерін көрсетуде. Бұл да сондай игі істің бір парасы деп білеміз, - деген Дәуір Рысбайұлы аудан басшылығы атынан шынайы ізгі тілегін жеткізді. 

Бұдан соң тілектер легі толастамады. Қуанышқа ортақтаса келген ауылдастар да құтты болсын айтысып жатты. Осындай игі іске ұйытқы болған жаны жомарт азаматқа ауылдастары атынан астына тұлпар мінгізіп, үстіне қазақы дәстүрмен шапан жабылды. Сонымен қатар, ауыл жастары да айтулы шарадан шет қалмай,  балаларға арналған спорт киімдерін тарту етті.

Шағын футбол алаңшасындағы ең бірінші футбол ойыны да басталып кетті. Бұл кезде дененің сәні мен сымбатын келтіретін, бойға күш-қуат жинауға аса қажет стритворкаут алаңында ауыл жастары өз өнерлерін ортаға салып жатты. Бұдан былай шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл орындардың есігі әрдайым ашық болмақ.

- Ауылымызда осындай спорт алаңшасының ашылғанына қуаныштымыз. Әсіресе, футболды жақсы көретін біздер үшін бұл тамаша сыйлық болды. Осындай мүмкіндік жасаған ағаларға үлкен рақмет, – дейді ауылдың жас аяқдопшылары.

24.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 89
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 99
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 561
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 509

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9210
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8607
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11833
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9603
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10816