«Саламат» балабақшалар желісінің құрылтайшысы, «Білім беру ісінің үздігі» Гүлсара Нұрсейітқызы: Әйел әр шаңырақтың киесі, берекесі

«Саламат» балабақшалар желісінің құрылтайшысы, «Білім беру ісінің үздігі» Гүлсара Нұрсейітқызы:  Әйел әр шаңырақтың киесі, берекесі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақ әйелі, ұрпақ тәрбиесі жөнінде шағын сауалнама жүргізген едік.

– Сізді аналар мерекесімен құттықтай отырып, жалпы әйел туралы, ана туралы, қазақ қызы туралы ой қозғасақ... 

– Ана – шуақ, Ана – мейірім. Әйел әр шаңырақтың киесі, берекесі. Әйел дұрыс болмайынша, отбасы толыққанды дұрыс болады деп айта алмаймын. Ал қазақ қызын тәрбиелейтін ана. Ана қыз баланы өмірге икемдеп, бала тәрбиесі, ұрпақ тәрбиесі туралы үнемі мағлұмат беріп отыруы керек. Әйел өзі дұрыс болса, қызы да сол баспалдақпен жүреді. Айтқанды емес, көргенін міндетті түрде қайталайды. Ер азаматтың басын бағалау, келген жерін сыйлау, ата-ененің үдесінен шығу, ұрпағын дұрыс тәрбиелеу – ол қазақ қызының, әйелінің міндеті.

– Қазір қазақ әйелі өзгеріп бара жатқан жоқ па? Мысалы: «қай заманда да, қай қоғамда да әйел – ана. Бірақ кешегі  аналарымыз бен бүгінгі аналардың ұқсастығынан гөрі айырмашылығы көп. Неге? Кешегі қазақ әйелі кім еді, бүгінгі қазақ әйелі кім? 

– Иә, өзгерді. Еркекпен тайталасып, өзінің әйел екенін ұмытып кетеді. Қазір ажырасу көп. Оны мен жұмыста да көріп жүрмін. Тәртіп жоқ, тәкаппарлық басым. «Өз күнімді өзім көре аламын» деп әдепсіздікке, өзімшілдікке барып жатады. Баланы әкесіз қалдырып, оның келешегін, болашағын ойламау, ойланбай тез шешім қабылдау басым. Солай ажыраса салып, баланың бар өміріне балта шабады. Әкесіз өскен балада үлкен комплекстер (өзін-өзі қор санау) болады.   

Ал қазіргі азаматтар сондай қауқарсыз. Өйткені бетпақ әйел көбейіп кеткен. Ертеде әйел міндетті түрде ерін пір тұтатын, сыйлайтын. Ерге де, балаға да өзінің ақыл-парасатымен сыйлы болатын. Отбасының шашауын шығармайтын. Ер азаматты сыйласа, үйде береке болады. Әйел адал, қанағатшыл болатын. Өзін сыйлаған әйелді ері махаббатына бөлейді, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Өкінішке қарай қазір бұлай болмай тұр. Аналары қыздарын дұрыс тәрбиелей алмай жатыр.

– Иә, «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» дейді. Қазақ қыздарының тәрбиесін қолдан шығарып алдық па?

– Қыз баламен де, ұл баламен де анасы сөйлесуі керек. Әр істі ақылдасып отыру керек. Ақылдасамыз деп оларды шақыру керек. Құлағына құю керек. Қазір біздің қыздарды телефон тәрбиелеп жатыр. Әрбір бала, кішкентай балаға дейін, ұрпағымыз телефонға тәуелді. Ал білгеніңді айтып, өзіңе тартып, жақсы көріп, тыңдата білу – анаcының міндеті. Әсіресе қыз бала тәрбиесін мүлт жібермей, тыңдата білу керек. Балаға жақсы тәрбие беру үшін Ана өзі ұлағатты, өзі парасатты, ақылды, айлалы болу керек. Баланың өзі сені Ана ретінде мойындауы керек.

– Қай ғасырда өмір сүрсек те ұлттық мінез, діл, мәдениет, болмыс сақталуы керек қой...

– Мұндағы басты мәселе – тіл. Тіліміз шұбарланып кетті. Мен балабақшада, мысалы, кішкентай бөбектерге тіл үйретіп жатырмын. Олардың ата-анасы өз ана тілін білмейді. Қазір мен балаларды ғана емес, олардың ата-анасын, ата-әжесін тәрбиелеп отырмын десем болады. Ұлттық мінезден мүлдем айырылдық. Имену, нәзіктік, үлкенді сыйлау, қазақ қызына тән бір асыл қасиеттеріміз бар еді. Соның бәрін жоғалтып алдық. Адамдар өте қатыгез болып кеткен, пәлеқор, өтірікті көп айтады. Көзбе-көз өтірік айтқан кезде, сол өтірікті тыңдауға мен ұяламын. 

Иә, мәдениетті адам өзін әрқашан көрсете біледі. Ол үшін тектілік те керек сияқты. Қазақтың жанын, рухын оятудамыз. Әр ана осы тұрғыда өз баласына пайым-парасатты сіңіре білсе, сол үйде береке болады. Сол ұрпақтан үміт күтеміз. 

Барлық қазақ аналарын, әйелдерді, апа-сіңілілерімді, әріптестерімді, қыздарды мерекелерімен құттықтаймын. Көктеммен бірге құлпырып, гүлдей жайнап, өсіп-өркендеп, ұлтымыздың қалпын сақтап қалуға шақырамын. Ерінбей, талмай әр әйел ұрпақ үшін, өзінің отбасы үшін жұмыс істеу керек. Мен жұмыс, еңбек деп қара жұмысты айтып отырған жоқпын. Үйдегі тәрбие мәселесі, бұл да жұмыс. Жоспарлау керек, бүгін қызыма мынаны айтамын деп, өзінің өмірімен салыстырмалы түрде де ұқтыруға болады.

– Мерекеңіз құтты болсын! Әңгімеңізге рахмет!

03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 936

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9009
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8404
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11630
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9388
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10614