Облыс орталығындағы Саңырақ батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күнге асфальттің бірінші қабаты төселуде.
«АРАЙСТРОЙМАРКЕТ-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігерлігімен қолға алынып жатқан құрылыс жұмыстарының жалпы ұзындығы – 3 шақырым 600 метр. Техникалық қадағалаушы – «Құрылыста экспертиза» ЖШС.
Мұндағы құрылыс жұмыстары толық аяқталған кезде жолдың ені 14 метрге дейін кеңейеді. Бұл көлік қозғалысына ерекше екпін бермек. Қазір жол құрылысына 22 техника, 35 жұмысшы тартылған.