Сарысуда амал күні тойлануда

Сарысуда амал күні тойлануда
 
Сарысу ауданында 14 наурыз – Амал күні ерекше тойлануда. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтады.
Аудан әкімдігіне қарасты мекемелер және кәсіпорындар, қала тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, бір-бірлеріне арнайы барып, көрісіп, бауырсақ, қымыз, шұбаттан ауыз тиді.
Бұл күні —адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін, өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысатын күні. Шара барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, ұлттық киімдер насихатталып, қызметкерлердің арасындағы сыйластық нығая түсті. Ақсақалдар ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп ақ бата берсе, жастар жағы бірлікті нығайтқан шараның тереңдігін атап өтті.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
14.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5411
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20374
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19010
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22474