Сарысудағы іс сапар

Сарысудағы іс сапар
Жұмыс сапарым сайын далалы Сарысу ауданында жалғасты ✅ Алдымен аудандық партия филиалында қоғамдық қабылдау өткіздім. Қабылдауға қайырылғандар тұрғын үй, жалақыны көбейту, алимент борышкерлеріне шара қолдануды көтерді. Сондай-ақ сайлау комиссиясында мектеп директорлары төрағалық етпеу, спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, үлкен стадионды мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін қозғады. ✅”Қаратау” тау-кен өңдеу кешені ұжымымен кездестім. Көптеген мәселе көтерілді. Мәселен зауыттың зиянды қалдықтарына қатысты қосымша қаржы төлеу. Темір жол арқылы жүзеге асатын жолаушы және жүк тасымалын кеңейту. Айталық Жаңатас қаласынан Түркістан облысындағы Таукентке дейін сонау 90-шы жылдары шойын жол салынған. Бірақ темір жол құрылысы толық бітпей қалғандықтан, Түркістанға дейінгі 60 шақырымы аяқталмаған. Бұл назар аударатын маңызды мәселенің бірі. Соңына дейін салынса Жаңатас пен Түркістан арасындағы қарым-қатынасқа қайта қан жүгіретін еді. Арадағы алыс-беріс пен барыс-келіс жанданып, жақсара түседі. Жаңатас қаласына МРТ, КТ орнату, зауыт жұмысшыларына жеңілдік жасау, портал арқылы емделу және МӘМС қорының тиімсіздігі туралы да қозғалды. Алда барлық ұсыныс ескеріліп, депутаттық сауалдар аясында атқаратын боламын. ✅”Жаңатас Су-Жылу” кәсіпорыны қазандығын көрдім. Мәселе жоқ емес, Қаржы министрлігі мазут құнын нақты тамыз айында белгілеп, мемлекеттік сатып алу порталына жариялайды. Жеңімпаз мердігерлер қазан айына дейін белгілі болады. Жеңімпаз аталмай қалған мердігерлер апеляциялық сотқа жүгінеді, іс ұзаққа созылып кетеді. Бұл кәсіпорын үшін қолайсыз. Мекеме тарапынан ұсыныс берілді: мазут құнын тамызда емес маусым-шілде айында белгілеп ұсыну деген. Аталған мәселе актуальді, алдағы уақытта депутаттық сауалымда көтеріп, мәселені анықтауға барымды саламын. ✅Үшбас ауылындағы ауыз су құрылысының жұмысымен таныстым. Құрылыстың мердігері “Корпорация Алем-Құрылыс” ЖШС. Су құрылысы қазіргі таңда жоспар кестесіне сәйкес уақытылы жүруде. Құрылыс барысында орта мектеп жағдайы туралы да айтылды. Яғни: дене шынықтыру залы, асхана, медициналық пункті жоқ екендігін жеткізді. Мәселені түртіп алдым. ✅ Тұрғындар тарапынан ұсыныс түсуіне байланысты Өндіріс ауылы, Игілік елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйіне бардым. Жұмыс барысымен таныстым. Мердігер “Ақ Айсер Табыс” ЖШС. Биыл сәуір айының басында бастау алған жоспар бойынша 2 шілдеге дейін қолданысқа беру қажет еді, алайда құрылыс жұмысы кешіктірілуде. Жауаптылар Мәдениет үйін қыркүйек айында аяқтаймыз деп деп уәде берді. ✅ Шағалалы ауылындағы газ құбырын тарту жұмыстарымен жіті таныстым Аталған ауыл үшін биыл сүйінші жаңалық та жоқ емес. Енді елді мекенге газ, ауыз су, жол тартылатын болады. Дихандар дауы да өзекті. Талас өзенінен келетін ағын су Ойық ауылына өте баяу 3 күн де барады. Алқап басындағы ағайын тіршілік нәрінен тарығып отыр. Су ағынын жеткізу үшін Талас және Сарысу аудандары аралығында келісім шарт жасасып су, кезек-кезекпен алса деген ұсыныс айтылды. Сонымен қатар ауданда жеке кездесулер өтті. Сарысу сапарында тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша алда нақты жұмыстар жүргізетін боламын. Келесі жұмыс сапарым батырлар елі Байзақ ауданында жалғасатын болады. #AMANAT
Guldara Nurumova
11.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 148
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 148
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 334
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 327
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 951

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9025
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8421
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11649
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9405
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10631