Сепаратистер қайдан шығады?

Сепаратистер қайдан шығады?

Естеріңізде болса, әлеуметтік желіде петропавлдық екі өрімдей қыз: «Петропавл – ежелгі орыс жері. Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа емес, Путинге дауыс береміз!» – деп пікір білдірген еді. Ұлттық қауіпсіздік қызметі Солтүстік Қазақстан облысының осы екі тұрғынымен әңгімелесіп қайтыпты. «YouTube» арнасында жарияланған жазбада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД бөлімінің тергеу бөлімі: «ҰҚК әлгі екі қыздың сепаратистік бағыттағы сөздерді айтқан-айтпағанын тексерді. Құқықтық бағалау нәтижесінде, олардың сөздерінен қылмыстық құрам табылмады. Бұл жеке тұлғалармен ата-аналарының көзінше түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – делінген. Отандық сарапшылар: «Украиналық блогерлер орыстілді қазақстандықтармен ашық әңгіме өрбітіп, оны «YouTube» желісінде жария етіп жүргені – бүгін ғана емес. Осы мазмұндағы айтыстардан көз сүрінеді. Кейбір пенделер артынша артық кеткенін айтып, мастығынан айыққан соң кешірім сұрап та жатыр. Украиналықтардың көздегені, әрине, басқа. Әйтеуір, көзімізді ашу емес екені анық. Әйтпесе, көзі қарақты адамға бұл жайт аса таңсық дүние де емес. Гәп басқада. Кәмелет жасына толмаған, Қазақстанның мектебінде оқитын, не мектепті жаңа бітірген өрімдей қыздардың басында осындай ойдың қайдан жүргені – үлкен мәселе. «Путин – президентім» деген сөзді Ресейдің бозбалалары айтса, еш сөкеттігі жоқ. Ал, «Петропавл – ежелгі орыс жері» деген сөз – ашық қантөгіске бастау. Ал Қазақстан мектептерінің түлектері осылай десе, мектептерге, тіпті осы мектептерді қаржыландырып, білім және тәрбие жұмыстарын белгілеп отырған мемлекеттің өзіне де үлкен сауал тумақ.

Осы орайда қоғам қайраткері Арман Шораев: «Мына екі қыз – Қазақстан мектебінің түлегі. Бірақ «менің Қазақстаным» демейді. Кеңес дәуірінде қалыптасқан адамдар болса, бір сәрі. Мұндай көзқарасты жастарға кім сіңіріп жүр? Ата-аналары ма, мұғалімдері ме, әлеуметтік желі ме, әлде ресейлік телеарналар ма? Ұлттық қауіпсіздік осы түйіннің ұшығына шықса, құба-құп болар еді. Әрине, біздегі олқылықтардың өз себептері, заңдылықтары бар. Білім саласы отыз жыл бойы білімді жас, өз мемлекетіне лоялды азамат тәрбиелеп шығаратын алтын бесік емес, шеттеп қалған шенеуніктердің көңілін жықпайтын орынтаққа айналып келді. Нәтижесі – міне. Олигополия Қазақстанды – мемлекет емес, табыс көзі, ал мектептерді елдің болашағы емес, әлеуметтік шығын деп қарап келді. Тәрбие сағаттары ғана «көреген Елбасы» деген тақырыптарға құрылды. Ендігі тәрбие сағаттары қанша ұзақ отырса да, түбі бір кететін президенттерге емес, елдің, мемлекеттік іргесін бекіте түсетін дүниелерге арналғаны абзал. Бұған бір мысал, 1990-жылдардың ортасында Алматы қаласында 2-і мектеп-интернаттың жанынан қазақ-түрік қыздар лицейі ашылған-ды. Тентектік жасаған балаларға қазақ мұғалімдері «әй, сен адам болмайсың!» – деп жекісе, түрік мұғалімдері: «Бұл түрлеріңмен мемлекеттеріңе қалай қызмет етпексіңдер?» – деп ұрысатын. Екі бөлек ұстаным, екі бөлек тәрбие. Төрткүл дүниені тіреп тұрған, дәулет құрған түріктер балаға мемлекетшілдікті мектептен бастап сіңіру керектігін жақсы біледі. Үйренетін нәрсеміз, түзейтін олқылықтарымыз әлі де көп», – депті. Бұдан артық не деп айтуға болады?

 

Ермек САХАРИЕВ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 936

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9387
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10613