Сирияға айналып кетпейік, ағайын!

Сирияға  айналып  кетпейік, ағайын!

«Президентті қолдайық» десең біреулер, «Жағымпаздануды бастадыңдар ма?» деп миығынан күліп жатқан сыңайлы.  Оу, айналайындар-ау, енді Президентті қолдамай, тұтқында отырған Мәсімовті қолдаймыз ба әлде көшедегі қарапайым халыққа лаң салып жатқан содырларды қолдаймыз ба, кімді қолдаймыз?! Менің үлкен қызметім жоқ, туысқандарымның да, балаларымның да ондай үлкен қызметі, жауапты креслолары жоқ. Өз күнімді жұрт қатарлы көріп жатқан қарапайым ғана қазақпын.  Жағымпаздану, көлгірсу дегенді үйрене алмай-ақ келемін. Тоқаевқа жағымпазданып, шен-шекпен алу ойымда жоқ.  Бірақ саясаттан мүлде хабарым болмаса да айтайын, нақ осы мезетте қазақ бас-басына би болмай, Тоқаевты қолдау керек.

 

Тоқаев өйтпеді, бүйтпеді деушілер де бар. Дәл қазір сол орында болса ешкім де өйте алмайды, бүйте алмайды. Халық үкіметті жаңарта ма деп үміттенді, өзім де солай ойладым, бірақ біз ойлағандай болмады. Тоқаев дипломат, қандай істі болса да байыппен, сабырмен шешетін кісі секілді. Үкіметті түгелімен жаңарту мүмкін тиімсіз шығар. Мүмкін үкімет басшысын өзгертіп, әзірше өзіне-өзі жауды көбейтпей, ескі үкіметтегі кадрларды пайдалану керек деп шешкен де болар. Ханда қырық кісінің ақылы болады дейді, ол кісінің ойлағаны бар болар. Тоқаев қиын кезде, сын сағатта халықпен бірге болды. Тарих беттерін парақтасаңыз, «Мен кеттім, қала керек болса халық өзі қорғап алады» - деп қасына 20-30 нөкерін ертіп, әулетін алып, қашып кеткен хандар да болған.

Тоқаев қандай қиыншылық болса да елмен бірге көрді, халыққа қарсы оқ атылған жоқ.

 

Әскерге оқ атуға рұқсат берсе халықты атуға емес, халықты қырып бара жатқан содыр-сойқандарға, баскесерлерге ескертусіз оқ атуға рұқсат берді. Парламент мәжілісінде бірталай жайлар айтылды, әрине, бір қарағанда үйреншікті ұсақ-түйек мәселе сыңайлы болуы мүмкін. Бірақ бұрындары айтылмай келген соны, серпінді ойлар, жоспарлар да жоқ емес. Орынды, өткір, сындарлы пікірлер де айтылды.   Сондықтан нақ осы кезде Қасымжомарт Тоқаевты қолдап, елдегі жағдайды қалпына келтіруден басқа жол жоқ бізде. Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты қалпына келтіргеннен кейін әрі қарай көре жатармыз.  Бәріміздің де туысқандарымыз бар, бауырларымыз, балаларымыз бар, осылардың амандығын ойласақ ең бастысы бізге тыныштық керек. Содырлар сойқан салып, Сирия мен Ауғанстанға айналып кетпейік, ағайын. Қалай дегенде елде үлкен бір серпіліс, халық санасында сілкініс  болғаны ақиқат, аяғы жақсы болады деп ойлаймын.

Содырлармен сойқанда мерт болған боздақтардың жайлары жаннаттан болсын!   Бұл менің өз пайымым, пікірімді ешкімге таңбаймын. Әлеужелідегі көсемдер мен шешендерден таным-түсінігім, өрем төмендеу болар, бәлкім ақылым да аздау болар олардан. Бірақ менің ойым осындай.

Тұрақ Адисұлы «Фейсбук» парақшасынан алынды
12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 937

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9010
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8405
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11631
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9389
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10615