Спорт саласында жетістік көп

Спорт саласында жетістік көп
 

Биыл облыстың спорт саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 8 жерлесіміз спорт шебері, 8-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын сәтті қорғады. 2025 жылға қарай бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 50 пайызға жеткізу көзделген.

Биыл облыста үш спорт нысаны пайда лануға беріліп, 13 спорт кешенінің құрылысы келесі жылы (2023 жылға өтпелі нысандар) аяқталады деп жоспарлануда. Астанада белбеу күресінен өткен республикалық жарыста жамбылдықтар 12 жүлдені иеленді. Таразда өткен ел чемпионатында жамбылдық «Әулиеата» көкпар құрама командасы 12 мәрте ел чемпионы атанды.

Дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирінде жерлесіміз Ғалымжан Қырықбай қола жүлдегер атанды. Даңқты жерлесіміз Елдос Сметов Ташкент қаласында дзюдодан өткен Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Бокстан ересектер арасында Иордания елінде өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз Асланбек Шымбергенов алтыннан алқа тағынса, Дулат Бекбауов күміс жүлдемен оралды.

 

Дайындаған Есет ДОСАЛЫ
05.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 223
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 160
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 166

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26805
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26231
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43628
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39407
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44020