Жамбыл облысы Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұрбаев Өсер Әбдіжәлілұлының басшылығымен ұжымы биылғы көктемгі тазалық сенбілікке бір кісідей шығып, жұмыс атқаруда. Ұжымға бекітілген орынға және музей аумағының тазалығына көп көңіл бөліп келеді.
Ал музейдің ашылғанына 13 жыл (2010 ж.) болса да, мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік құндылықтар мен дәстүрді таныстыруда бүгінде музейімізде негізінен жас мамандары, атап айтқанда, ғылыми қызметкер Айнагүл Мамытбекова, қор сақтаушы Айдана Шотбасова, экскурсовод Жамал Абдрахманова, суретші-декоратор Мұхтар Манекеевтер көп ізденіп, зерттеп, жан-жақты оқып, абыроймен қызмет атқаруда. Мамандар шығармашылық ғылыми тәжірибе алмасу мақсатында Астана, Алматы қалаларындағы орталық музейлермен және облысымыздағы аудандық тарихи-өлкетану музейлерге арнайы іссапармен шығып тұрады. Біраз жыл бұрын ғылыми қызметкеріміз Сәния Нағашбекова арнайы Түркия елінің Стамбұл қаласына арнайы іссапармен барып, кітапханасынан және мұрағатынан біраз материалдар алып келген болатын. Бүгінде музей қоры көптеген тарихи жәдігерлермен толығуда.
Алдағы уақытта музейге жаңадан жапсарлас 2 қабатты кең көлемді ғимарат соғатын болады. Сонда бөлмелер кеңейіп, арнайы тұратын тарихи жәдігердің орындары болады деп отырмыз. Ауыл тұрғындары да арнайы отбасыларымен, қонақтарымен және де ауданымызға келген алыс-жақын елдерден, Жамбыл облысы аудандарынан арнайы келген азаматтар музейге ат басын бұрып, жәдігерлермен танысуда. Осы келгендердің арасында құрметті қонақтар арнайы ашылған кітапқа тілек, лебіздер жазып беріп, ризашылықтарын, рақметтерін айтуда.