Бүгін БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері М.Өтемісов атындағы БатысҚазақстан университетінде білім алып жатқан болашақ заңгерлермен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты – биыл университет бітіретін студенттерге кәсіптік бағдар беру. Жиында аталмыш департаменттің кадр саясаты тобының инспекторлары – әділет аға лейтенанты Э.Ильясова, әділет лейтенанты Е.Азизов, пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты С.Джумагазиев сөз сөйлеп, ҚР Ішкі Істер органдарына қызметке орналасудың артықшылықтары жайлы атап өтті. – Біздің департаментке жұмысқа орналасқан жағдайда сіздер тұрақты жалақымен, тиімді мансаптық өсумен және толық әлеуметтік, медициналық қолдаумен, тұрғын үй өтемақысымен қамтамасыз етілесіз. Сондай-ақ 1 жыл қызмет өткерген мерзіміңіз – 1,5 жыл есебімен саналатын артықшылығы бар, – деді департамент өкілі Эльмира Айханқызы