Су тасқыны кезінде мал шығыны өтеле ме?

Су тасқыны кезінде мал шығыны өтеле ме?

 

Су басқан өңірлерден малды көшіру, ауыл шаруашылығы жануарларының өлуі және су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауының алдын алу туралы ақпарат.

Су басу өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас.

Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан мал өлімі орын алды, жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде саны 5 711 басты құрады, оның ішінде ІҚМ – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары.

Алғашқы күндерден бастап, су басқан аумақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Министрліктің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар.

Бүгінгі таңда 1013 бас, соның ішінде ІҚМ -133, ҰМ – 809 және жылқы – 64 өртеліп жойылды.

Ауыл шаруашылығы министрі, жетекшілік ететін вице-министр және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аумақтарға барды. Ал қазіргі уақытта АШМ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы бағытында жұмысты үйлестіру үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты: сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі.

Жалпы, су тасқынының салдарын болдырмау және жою мәселелері, сондай-ақ эпизоотиялық жағдай Министрліктің тұрақты бақылауында.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
08.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 50
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 578
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 692
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 616

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367