Сұйытылған газды сату бір жылға шегерілді

Сұйытылған газды сату бір жылға шегерілді

    ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында: «Сұйытылған газды электронды алаңда сату бір жылға шегерілді. Осы мәселе бойынша ведомсвтоның тиісті бұйрығы шықты. Сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай жедел шаралар қабылданды: Сұйытылған мұнай газына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді және литр үшін 50-75 теңге диапазонында бөлшек сауда бағасы бекітілді. Саладағы түсініксіздіктерді реттеу үшін ведомствоның 2 маңызды бұйрығы бекітілді, олар: 1) 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру бойынша бұйрық, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізетін болады; 2) Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бекіткен бөлшек саудадағы шекті бағаларға сәйкес келтіру үшін сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын төмендету жөніндегі бұйрық. Сондай-ақ, бүгінгі күні электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленді», — деді.

Ермек САХАРИЕВ
13.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5923
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6063
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21039
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19666
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23139