Шүлбі және Өскемен су электрстанциялары сатылмайды

Шүлбі және Өскемен су электрстанциялары сатылмайды

   КТК арнасы: «Жаңа үкімет Шүлбі және Өскемен су электрстанцияларын сату жоспарынан бас тартты. Бұған дейін аталған су электростанцияларының 75 пайызы Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясына сатылатын болған. Экс-премьер Асқар Мамин бастаған үкімет Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында  ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы заң жобасын әзірлеп те қойған. Шүлбі және Өскемен электрстанцияларының арабтардың қолына өтуі осы келісім аясында жүзегі асуы мүмкін болған. Экс-энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев үкіметтің мұндай қадамын электр станцияларының көнергендігімен байланыстырып, олар күрделі жөндеуді қажет етеді деген. Себебі біріне 60 жыл, екіншісінің қабырғасы қаланғанына 80 жыл. Яғни араб елінен келген инвесторлар қыруар қаржы құйып жөндеу жұмыстарын жүргізуі керек болған. Ал жаңа министрлер кабинетінің неге айнып қалғаны түсініксіз. Отандық сарапшылар стратегиялық маңызы бар нысандар шетелдік емес, отандық инвесторлардың қолында болуы керек деп санайды. Сатқан күннің өзінде бақылаушы пакет акциясы мемлекеттің қолында болғаны дұрыс. Ал су электростанцияларының жағдайы үкімет айтқандай мүшкіл емес екен. Әзірге қос нысанның тағдыры белгісіз»,— деп хабарлайды.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5614
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5761
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20729
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19358
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22824