Жемқорлық - мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет болғандықтан онымен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін құқықтық түсіндіру жұмыстарының сапасын арттырудың маңызы зор.
Осыған орай, күні кеше ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық тәуекелдері мен қауіпін болдырмау тақырыбында жиын өтті.
Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Ширимов мемлекеттік қызмет пен әдеп нормалары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы баяндаса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның тәуекелдері мен қауіпін болдырмау бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Жанбатис Ибраев жалпыға бірдей декларациялау және жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясын тапсырудың 250.00, 270.00 нысандары бойынша түсіндіріп, басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.