ШЫҒЫС ҚЫРАНЫ

ШЫҒЫС ҚЫРАНЫ

 

Жұмабай Шаяхметов 1902 жылы Омбы облысының Шарбақты ауданында туған. «Қазақ-орыс училищесінде», Мәскеудің Н.Нариманов атындағы Шығыс институтында оқыған. Қызмет жолдары: 1946-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 2-ші, 1-інші хатшысы болған. СОКП Орталық комитетінің мүшесі, Қазақстан және КСРО Жоғарғы кеңестерінің депутаты, КСРО Жоғарғы кеңесі Ұлттар кеңесінің төрағасы болған.

Қазіргі кезде жастардан, орта буын адамдардан «Жұмабай Шаяхметов кім болған?» деп сұрасаң, басым көпшілігінің жауабы – «білмейміз». Олар мектепте, орта, жоғары оқу орындарында мұғалімдерден, ұстаздардан естіген жоқпыз дегенді алдыға тартады.  Аға буынның қатарында болғандықтан, әртүрлі жағдайға қалың бұқара халықтың мемлекетімізді басқарған басшылар ұлтымыздың мүддесіне қандай іс-шара жүргізгені жайында сұрақтар жиі байқалады. Аға буынның арасында мемлекет басшылары,  әсіресе, Д. Қонаевқа дейін кім болғанын білетіндер де, білмейтіндер де көп. Ал білетіндердің арасында ақиқатқа жүгінгендерді саусақпен санауға боларлық. Бұлардың үні шықпайды, ақпарат құралдары оларды шығармайды. Әдеттегідей қазіргі мемлекет басшыларының саясатын ұстанымда – тереңге сіңген мансапқорлық, жағымпаздық, екіжүзділік. Ақпарат құралдары да ойламастан, тіпті шындықты бұрмалап, өтірікті сықпыртып екіжүзді авторлардың жазғандарын жариялайды, көрсетеді. Ал бұл үрдіс жақын болашақта қоғамды шірітуге әкеліп, тәуелсіздіктен айырылатын жолға түскеніміз. Бұл билік өз басын тәтті өмірін үзбей, бұқара халықтың өмірін ойламай, кедейшілікке жеткізіп, қазақ мемлекетімізді күйретеміз.

Жұмабай Шаяхметов жаңа билікпен бірге тұлғалық қалыптасудың барлық кезеңдерінен өтті және орыс басқарған Кеңес үкіметі бастаған өзгерістер халыққа қандай да бір жеңілдік әкеледі деп сенді. Ол тоталитарлық жүйенің сталиндік нұсқада орнығуы кезеңінде кеңестік әкімшілік аппаратының құрамына кірсе де, қиын-қыстау заманда елінің өркендеп өсуіне  бар күш-жігерін сарп етті.Біртуар тұлға Жұмабай Шаяхметов Д.А.Қонаевтың тағдырында да үлкен рөл атқарды. Д.А.Қонаевтың мансабы да оны жоғары мемлекеттік және партиялық лауазымдарға ұсынған Ж. Шаяхметовтың қолдауымен басталды. Оның Н. Скворцовтың атына жазған ұсынысында: «ОК үшінші хатшысы қызметіне Қонаев жолдасты ұсынамын...» деп жазылған. (Письмо Шаяхметова Скворцову 3 июня 1943 года). Қалай болғанда да осыдан Шаяхметовтың жас, 31 жастағы Д. Қонаевты өсіруге белсенді әрекет жасағаны айқын көрінеді. Белгілі жазушы  Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығының өсуіне Жұмабай Шаяхметов үлкен ықпал еткен. Өңірдің бірінші басшысы  Ә.Нұршайықовты  «Павлодар» аудандық газетінің бас редакторы қызметіне тағайындайды. Ол Алматыға Орталық комитетінің бекітуіне келгенде Шаяхметовпен екеуінің араларында қысқаша әңгіме өрбіп, оның барысында Нұршайықов жаңа қызметке орналасудан қорқатынын айтқанда, Шаяхметов: «Қорыққаның жақсы қасиет. Қорқыныш – ар-ожданның белгісі. Саналы адамға сенуге болады. Ар-ожданыңды жоғалтпа, бауырым!» – деген екен. (Аққозин М. Вернуть из забвения. С. 13-14.).

Шаяхметов тұсында Қазақ металлургия комбинаты мен Қаратау тау-кен-химия комбинатының, Тентек, Мұнайлы және Қаратон мұнай кен орындарының, Өскемен мырыш зауытының құрылысы аяқталды. Қарағанды бассейніндегі бес көмір шахталары, Екібастұздағы көмір шахталары, Жамбыл суперфосфат зауыты, жаңа электр станциялары, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары салынып, көптеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылды. Республика геологтары 1945-1950 жж. кен орындарын ашты: Аятта боксит, Қоржынкөл және Козыревскіде магнетит, Сарыбай, Соколов, Лисаковск және Качарскіде темір рудалары табылды.

Ел үшін ерен еңбек сіңірген Жұмабай Шаяхметов басшылығымен төртінші бесжылдық жылдарында республикада көмір өндіру, болат пен мыс балқыту, электр энергиясын өндіру жоспарлары асыра орындалды. Ауыр өнеркәсіппен қатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі қарқынды дамыды. Петропавлда, Алматыда, Семейде, Қостанайда тігін және аяқ киім фабрикалары салынып, іске қосылды; тері өңдеу зауыттары – Қызылорда мен Жамбылда; мата фабрикасы – Семейде; құрғақ сүт зауыты – Павлодарда, Қазақстанның оңтүстігінде 178 мұнай өңдеу зауыты, бірқатар қант зауыттары салынды. Соғыстан кейінгі жылдарда теміржол қарқынды дамыды. Бесжылдықта екі мың шақырымға жуық теміржол желісі салынса, оның ішінде ең ірісі Мойынты-Шу темір жолы болды. (Очерки истории Коммунистической партии Казахстана. Изд. «Казахстан», 1984, с 388-389).

 

Қазақ тілінің мәртебесі үшін күрескен

 

Елінің ертеңін ойлаған Шаяхметов өз ана тілінің мәртебесі үшін де күресе білді. 1925 жылғы 26 наурызда хатшы Ж. Шаяхметов қол қойған қазақ тілін енгізу жөніндегі Ақмола губерниялық комиссиясының 1926 жылға арналған жұмыс жоспарында жұмыстың келесі бағыттары анықталды: қазақ тілінде іс жүргізу әлі енгізілмеген уездер мен болыстарды тексеру, ҚССР-інің басқа аймақтарындағы оң тәжірибені зерделеу, байырғы тұрғындардан қызметкерлердің жетіспеушілігін анықтау, болыстық, уездік және губерниялық ауқымдағы әкімшілік-техникалық мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша 3 айлық курстар ұйымдастыру, орыстарды мемлекеттік аппаратта жұмыс істеуге дайындау үшін олармен байырғы халық өкілдерінің ұзақ мерзімдік тәжірибелік институтын енгізу, қазақ тілінде әдістемелік құралдар шығару, мемлекеттік аппаратта жұмыс істеу үшін байырғы халық өкілдерінің мүдделілігін ынталандыру, арнайы қазақ терминдерін әзірлеу, қазақ қарпімен жазу машиналарын сатып алу үшін қаражат бөлу. 

Ақмола облыстық атқару комитетінің төралқасы қазкомиссияға нақты тапсырмалар беріп, іс жүргізуді қазақ тіліне жедел енгізу мерзімдерін белгіледі. 1925 жылғы 8 мамырдағы №28 хаттамада губерниялық органдар штатының 50 пайызын қазақтардан жасақтау, 1925 жылғы 1 қазанға дейін губернияның барлық сауатты қызметкерлерін есепке алу, «қырғыздардан» (қазақтардан – авт.) губерниялық және уездік мекемелерге қызмет көрсету үшін (сонда) техникалық мамандар даярлау курстарын ашу қажеттілігі туралы айтылды. Басқа жұмыс жоспарында 1925 жылдың 1 тамызына қарай қаланың барлық мекемелері бойынша қазақ тілінде іс жүргізуді толық енгізуге қол жеткізу және оларды қазақ қызметкерлерімен кемінде 50% жасақтау, мекеме басшыларын қазақ қарпімен жазу машиналарын сатып алуға міндеттеу, қазақ тілінде қажетті кітаптар мен журналдарды енгізу, бұл туралы губерниялық атқару комитетінің және уездер бойынша барлық бөлімдерін хабардар ету, уездік мекемелер аппаратына қызмет көрсету үшін өткізу қабілеті 60% болатын 4 айлық курс ашу, губерния аумағында ана тілін меңгерген барлық қазақтарды есепке алу, мекемелер мен уездік комиссиялар басшыларының қазақ тілін енгізу жөніндегі комиссия отырысында есептерді тыңдау, қазақ тіліндегі мекемелер, уездер мен болыстар арасында байланыс орнату,  қазақ тіліндегі кеңсе кітаптарына  тапсырыс беру және т.б. міндеттер қойылды. (сонда).

Соғыс жылдарында Қазақстан бойынша Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы ретінде Жұмабай Шаяхметовке үлкен ауыртпашылық түсті. 1941 жылғы 19 қазандағы Қызыл Армия үшін арнайы тапсырыстарды орындауға жауапты кәсіпорындар басшыларының Қазақстан К(б)П ОК хатшысы Шаяхметов өткізген мәжілістерінің бірінің стенограммасында өнеркәсіпті керемет білетінін ғана емес, сонымен қатар кейбір өнеркәсіп басшыларына қатысты талапшыл болғандығын да көрсетеді (АП РК Ф. 708. Оп. 5/708, Ед. Хр. 710. Л.1-35).

Халықты жұт пен аштықтан сақтауға барын салған Шаяхметов ұтымды экономикалық шешімдер қабылдай білді. Оның ауылшаруашылығына қатысты жоспарлары –  мал шаруашылығын дамытуға және оның жемшөп базасын кеңейтуге негізделген еді. 1952 жылы Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Шаяхметов «Сталинград және Куйбышев гидростанцияларының гидротехникалық құрылыстары, сондай-ақ шағын өзендер мен ішкі суқоймалардағы құрылыстар іске қосылғандағы суармалы жерлерді айналымға қосу есебінен 1960 жылға дейінгі перспективаға жемшөп егістері мен шөп егу алаңын кеңейту міндетін қойды. (Шаяхметов Ж. Об очередных задачах развития науки в Казахстане. 1952, Май. №5(86) с 15). Ауылшаруашылығын нығайтудың тағы бір маңызды  аспектісі – оны механикаландыру және бұл ғылым жетістіктерін тікелей енгізуді талап етті. Атап айтқанда, «республиканың ауылшаруашылығының табиғи-географиялық жағдайлары мен өндірістік ерекшеліктерінің әртүрлілігін ескере отырып, ауылшаруашылығы машиналары мен тракторларының жекелеген маркалары мен конструкцияларын пайдаланудың неғұрлым ұтымды әдістерін зерделеу және өндіріске енгізу керек болды». (сонда, 16 б.)

Шаяхметовтың Қазақстандағы тың жерлерді дамытуға қарсы уәждері, ең алдымен,   экологиялық-экономикалық себептерге негізделді: «оның пікірінше, тың игеру нәтижесінде республика қауіпті егіншілік аймағында орналасқан жерлерінен айырылады, топырақты сақтап тұрған құнарлы – гумус қабаты бірнеше сантиметрді ғана құрайды, соның өзі  жер жырту кезінде бұзылып жоғалады. Далалы алқап осал екенін, қазақ жері тарихи тұрғыдан мал шаруашылығына  арналғандықтан, осы салаға баса мән беру керек». (Қабулдинов З. Шаяхметов Р. Жұмабай Шаяхметов первый национальный секретарь Казахстана. С7.16).

 

Сырттан этнос өкілдерінің келуіне қарсы болды

 

Сонымен қатар, Шаяхметов басқа этностар өкілдерінің көптеп келуіне байланысты республика халқының сапалық құрамының өзгеруінен қорықты (Аққозин М. С.39-40). Хрущев бұл орайда: «Шаяхметов тың игеру бойынша төменгі көрсеткіштерді қорғауын жалғастырды. Мен содан кейін оның ұстанымын сараптап, оның Қазақстанның барлық ықтимал мүмкіндіктерін білетінін түсіндім. Обком хатшылары неге басқа ұстанымда болды? Мен бұл жерде саяси, дәлірек айтқанда, ұлтшылдық (! – автор) астар бар сияқты әсерде қалдым. Шаяхметов егер астық алқабын ұлғайтса, оны қазақтың жалғыз өзі өңдей алмайтынын түсінді. Қазақстанда басқа ұлт өкілдері, негізінен украиндар  мен орыстар көп өмір сүреді, енді олардың саны бұрынғысынан да асып кетеді деп сескенді.

1991 жылдан кейін жарық көрген естеліктер үзіндіден тұрады, ақпараттың бір бөлігі Шаяхметов туралы бұрыннан бар әңгімелерге негізделген. Бұл оқиға енді кездесудің фактісі ретінде емес, Сталин тарапынан Шаяхметовке ерекше және құрметпен қараудың маңыздылығы туралы естеліктердің ажырамас бөлігі саналады. Осындай олқылықтар салдарынан Қазақ КСР басшысы Д.А.Қонаевтың мемуарлары да сынға алынады. (сонда). Ол Шаяхметовпен өзінің инженер ретіндегі кәсіби мансабының басында болған кездесулерін еске алып, негізінен өзінің еңбегі тек технологиялық тұрғыдан ғана емес, өте күрделі болған жұмысшылармен қарым-қатынас жасау қабілеттеріне баса назар аударады.

Партия қайраткері Л.Г.Жуков (Л.Г.Жуков (1914-2001) – Кеңес үкіметінің шаруашылық, партиялық, мемлекеттік қайраткері) 1942 жылы тамызда Қазақстан КП(б) ОК екінші хатшысы Ж. Шаяхметов оны әңгімелесуге шақырғанын және өзін ОК көлік бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындау туралы шешім қабылдағанын еске алады. Жуковқа Шаяхметовтың республика экономикасын басқарудың маңызды салаларына басшыларды іріктеумен жеке айналысқаны және партиялық тәртіпті сақтауды талап еткені үлкен әсер қалдырды. Оның айтуынша, Шаяхметов жас кадрларға әкелік қамқорлықпен қарайтын, жауапты лауазымдарға тағайындау кезінде көптеген адамдардың партиялық немесе басқарушылық жұмыс тәжірибесі жоқ екенін түсініп, оларға көмектесіп, жігерлендіретін. Жуков Шаяхметовты мықты тұлға ретінде ғана емес, талантты ұйымдастырушы ретінде де сипаттайды: «Ол қарапайым, үлкен ерік-жігері мен жоғары мәдениеті, қажымас жұмыс қабілеті бар, партия жетекшісі болатын. Кадрларды мұқият іріктеп, оларға сенім артатын.  Егін жинау кезеңінде облыстар мен аудандарға барғанда ол тәулігіне 18-20 және одан да көп сағат жұмыс істеді, көбінесе түн ортасында аудандық партия комитеттерінің бюро отырыстарын өткізіп, тынығуға үш-төрт сағат қана қалдыратын. Осылайша ол бірнеше тәулік бойы іссапарда тынымсыз еңбек ететін. Мен оның мұндай шамадан тыс жұмысқа қалай төтеп беретіндігіне таңғалатынмын».  (Л.Г.Жуков (1914-2001) – Кеңес үкіметі).

Шаяхметов туралы естеліктердің ерекше жылулығымен М.Таировтың мемуарлары ерекшеленеді. Ол өз естеліктерінен Шаяхметовке жалпы 9 бет арнаған екен. Қазақстанның барлық өнеркәсібінің қалыптасуы мен табысты дамуын анықтаған адам ретінде Үкімет шешімдерінің республиканың бірнеше өңірлерін қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да жұмыс істеген балық саласының құлдырауын Таиров ауырсына бақылап отырған еді. Арал мен оған іргелес жатқан аймақтардың қасіреті де оның жүрегіне ауыр тиді. М.С.Таиров Шаяхметовтың Қазақстанның басшысы ретіндегі өте маңызды қасиетін – трайбализмді қолдамайтынын былай сипаттайды: «Мен, әрине, қазақ ретінде Ж. Шаяхметовқа қатты жанашырлық білдіретінмін. Оны білетін адамдардың көпшілігі (М.Е.Бутин, Ғ.Б.Саубенов және т.б.) принципшілдігі мен адалдығы үшін мақтайтын. Ол трайбализмнен алыс еді». (Таиров М. С. 242.).

М.С.Таиров Шаяхметовтың замандасы әрі оның Қазақстан халқы үшін жоғары лауазымда болған кезінде атқарған қызметінің көп бөлігін жүзеге асыруға қандай күш-жігер жұмсағанын өз көзімен көріп, жақсы түсінген: «Бұл жерде мен Қазақстанның ірі мемлекеттік және саяси қайраткері, мені аса құрметтейтін Жұмабай Шаяхметов туралы бірнеше сөз айтқым келеді.  Ол Қазақстанды ауыр соғыс және соғыстан кейінгі жылдары басқарды. 1944 жылы қантөгісті әскери кезеңде ол Алматыда қыздар педагогикалық институтын, Әйелдер педагогикалық училищесін (кейін Қызылорда қаласына көшірілді), Дене шынықтыру институтын, Шет тілдер институтын, Жас көрермендер театрын және басқа да бірқатар мәдени-ағарту мекемелерін ашты. 1938 жылы Шаяхметов Қазақстан К(б)П ОК үшінші хатшысы, бір жылдан кейін ОК екінші хатшысы, 1946 жылы бірінші хатшысы болып сайланды. Ол республикалық партия ұйымын басқарған алғашқы қазақ еді. Әрқашан адал, қарапайым да көреген, табанды коммунист болып қала берді. Шаяхметовтың Сталиннің құрметіне ие болғаны кездейсоқтық емес. Оның кадрларды іріктеу мен тәрбиелеудегі, оларды іскерлік қасиеттер бойынша басқарушы лауазымдарға ұсынудағы сіңірген еңбегі ерекше. Оның кезінде қазақтар жүзге, руға бөлінуді тоқтатты», – дейді ол.

 

ҚазПИ-ді ашуға Сталинді көндірген

 

Жұмабай Шаяхметов И.В.Сталинді Алматыда тек қазақ әйелдері қазақ тілінде білім алатын Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (ҚазМемҚызПИ) ашуға көндірді. Онда барлық студенттерге мемлекет тарапынан толықтай қолдау көрсетілді: тегін оқу, тамақтандыру, жазғы және қысқы киім-кешекпен қамтамасыз ету, оқулықтарды, жазу материалдарын, жеке гигиеналық құралдарды, медициналық қызмет көрсету шығындарын өтеу мемлекет тарапынан қаржыландырылды. КСРО Қаржы халық комиссариатының басшылығы мемлекеттік бюджет есебінен толық қамтуға қарсы болғанымен, әйелдер педагогикалық институтын құру мемлекеттік маңызы бар бірнеше міндеттерді, ең алдымен кәсіби әйелдер кадрларын жасақтау, қазақ әйелдерін жаңа қоғам құруға тарту, олардың қоғамда дәйекті жоғары орын алуына көмектесу және саяси өмірге араласу, өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндеттерін шешуді көздеді. «Негізгі міндеті – қыздарға жоғары білім беруге қарамастан, ҚазПИ атақты Санкт-Петербург Смольныйындай жұмыс істеді. Мұнда негізгі пәндерден басқа, жас ханымдарға әдептілік пен болашақ өмірге қажетті зайырлы даналықтың барлық түрлерін үйретті. Тек ҚазПИ-да тұрмысы жақсы отбасының қыздары емес, керісінше,  кеңестік қоғамның кең ортасынан шыққан, көбінесе, ең алыс аудандардан келген қыздар білім алды» (Исмагулова С. Уроки Турсун Мырзабековой, К 100-летнему юбилею, Казахстанская правда, 2015, №99, С.12). ҚазПИдің бірінші ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды.

Партиялық және мемлекеттік қайраткерлердің дамыған социализм кезеңінде  жарық көркем мемуарлары осы кезеңнің ықпалынан шыға алмай, объективті көзқарас білдіруге бармайды – авторлар қуғын-сүргін туралы ештеңе айтпайды немесе қуғын көрген қайраткерлер туралы оң пікір білдірмейді (сол кезде оларға Ж. Шаяхметов та  қатысты болған).

Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі бойынша қазіргі Қазақстан тарихнамасында мемлекет қайраткері және көрнекті тұлға ретінде Ж. Шаяхметов туралы зерттеулер жеткіліксіз. Осы зерттеудің негізгі дереккөздері партиялық және мемлекеттік органдардың материалдары, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің естеліктері, Кеңестік Қазақстан тарихы бойынша зерттеулер болды. (КПСС в резолюциях, решениях съездов, конференции и пленумов ЦК: в 15 т. Изд. 9-е, М. 1985, Т.7.). Кеңес басшыларының естеліктері осы қиын жылдардың қандай болғанын түсінуге көмектеседі, Ж. Шаяхметовтың тұлғасын және оның басқару стилін сипаттайды. (Хрущев Н.С. Воспоминания. Время. Люди. Власть. В 2-х кн. Кн.1, Москва, Вече.-2016.).

Белгілі бір субъективтілікке және кейде бірқатар оқиғаларды елемеуге қарамастан, көрнекті саяси қайраткерлердің естеліктері Шаяхметовтың өмірі мен қызметінің кейбір қырларын қайта құруға, естеліктерден ірі мемлекет қайраткерінің саяси портретін толықтыратын белгілі бір артықшылықтарын ашып сипаттауға септігін тигізеді. Сол жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы болған Ілияс Омаров ХХ ғасырдың 40-50 жылдары Қазақстанда Жұмабай Шаяхметовке тең келетін тұлға болмағанын жазған. (Цит. По: Аккозин М. Первый во многом его пример не стал наукой другим. //Эпоха. 01.09.2006, С.8).

Алайда, Жұмабай Шаяхметовтың сол тоталитарлық жүйеге жататындығы және соның тетігінде жетекші орындардың бірінде болғандығы оның тұлғасын тарихшылар мен басқа да зерттеушілердің назарынан ұзақ уақытқа таса қалдырды. (сонда). Шаяхметовтың кеңестік Қазақстан тарихындағы маңызы оның қазақ халқының көз алдында және бұқаралық ақпарат құралдарында Сталиннің қойған адамы ретінде беделін түсіру жолымен бұрмаланды. 1954 жылдан бастап оның есімі газеттерде, журналдарда, оқулықтарда, анықтамалықтарда, энциклопедияларда көрініс таппады. Жарияланған жағдайда, тек сыни тұрғыдан ғана мәліметтер берілді. 1960 жылдары оның Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге Хрущевтің саясатымен үзілді-кесілді келіспеуіне байланысты республиканың бірінші басшысы лауазымынан алынғаны туралы Британ энциклопедиясында ғана айтылған болатын. (Британская энциклопедия, 1967. Т. ХІІІ, С.260).

Тарих толқынында өзінің әділ тарихи бағасын алмай, еленбей қалған ірі тұлғаның бірі Жұмабай Шаяхметовтың өз елі үшін жасаған ерен еңбегіне сол дәуірдегі экономикалық, рухани, мәдени өрлеу үрдістері мен өзі қолдау білдірген ірі мемлекет қайраткерлерінің қалыптасуы куә. Ірі мемлекет әрі қоғам қайраткерлерінің қуғын-сүргіннен аман қалуы, соғыстан жеңімпаз болып шығуы үшін күндіз-түні тынымсыз еңбек еткен зауыттар мен фабрикалар, ауылшаруашылығы, қазақ тілі мәртебесінің артуы, елдегі рухани діңгектің мығым болуы, жас кадрлардың өсуіне қолдау білдіру, республикада ЖОО мен мәдениет спорт кешендерінің бой көтеруі, ұлан-ғайыр қазақ даласы тұтастығының сақталуы, ел арасындағы рушылдық-трайбализмнің тоқтауы және басқа да көптеген игі істердің артында жалғыз ғана қазақтың қайсар перзенті – Жұмабай Шаяхметов тұрғанын мақтан ете отырып, өскелең ұрпақ жадына мәңгілік сіңіруде қазіргі таңдағы тарихшылар үлкен еңбек етулері керек деп білеміз. Ұлы тұлғаларымызды ұмыттырмау мемлекеттілігіміз бен территориялық тұтастығымызды сақтауға септігін тигізетін ұлттық ұстанымымыз болуы қажет.

 Ақиқат жарқылы

Тақырыптың өзектілігіне оралайық. Жалаң сөз болмас үшін дәлелдейтін нақты бір мысалға тоқталайық.

Белгілі театр және кинорежиссер, аға буынға жататын Талғат Теменов: «Сонау 1920 жылдан Қазақ Республикасын басқарған «бізге кім келіп, кім кетпеген десеңізші...» 19 адамның аты-жөнін келтіріп, «міне, масқара осында жатыр». Бұл масқараның ішінде Жұмабай Шаяхметов та бар.

Ұры-қарылар билікке келеді деп айтып, «Қазақстанды ширек ғасыр басқарған Дінмұхамед Қонаевтың қолы байлаулы, аяғы кісендеулі болды». Сонда Т. Теменовтың ойынша, Д. Қонаевтан басқасы, қарап отырсаңыз, Қазақстанға кім келмеді?... Кілең алаяқ. («ДАТ» газеті, №11, 2024 ж.).

Ал Д.Қонаевтың қолы да, аяғы да кісендеулі болған емес. (газ. «Совершенно секретно», №9, 1990 г.) Олжас Сүлейменов: «Кунаев Д.А. отвечал той системе, который служил... любое слово из Кремля для него приказ, который исполняется... Поэтому он рос. В ранге   Политбюро подписал в 70-х годах невежественное постановление по обмелению Арала... Қазақстан хищнически грабилась, насиловалась, но рожала».(22-23 стр.).

Каришал Асанов: «Самым большим преступлением Д.А.Кунаева перед казахским народом, считает его отказ от встречи с молодежью 17-18 декабря 1986 года на площади в городе Алма-Ате, «ибо его предательское заявление явилось главным провоцирующим кровопролитие моментом» (К. Асанов «Правда о перестройке... правда о декабрьских событиях 1986 года в Алма-Ате» 1988-1991гг. том 2, стр. 229-236).

В свое время Г.В.Колбин, бывший 1 секретарь ЦК Компартии Казахстана, через массовую печать заявил об отказе Д. Кунаева выйти на встречу с молодежью в декабре 1986 года.

Д. Қонаевтың қазақ халқына қандай зиян істегенін әр жылдары мақалаларым  «Желтоқсан», «Ақ-тарлан», «Жас алаш», «Қала мен Дала» газеттерінде жарияланған. Басқа авторлар да Д.Қонаевтың екіжүзді саясатын жариялаған.

Арнайы кітапта шыққан Медеу Сәрсекеевтің қалай Д.Қонаев, ұлы ғалым, тұңғыш ҒА президенті Қ.Сәтбаевты қудалағаны, Гүлсім Оразалықызының кітабында ҒА президенті Шахмардан Есеновті де қудалаған Д. Қонаев.   Әлде  Т.Теменов саясаттың конъюктурщігі ме? Кім болса да қазақ халқының жарқын болашағына сенбейді, бұған дәлел өз мақаласына «Қазақ елін қалай жасаймыз?» тақырыптан аулақ болар еді. («ДАТ» газеті, №11, 2024 ж.). Ол «Көшпенділер» фильміне шетелдің әртістерін шақырмас еді. Сонда өзіміздің қазақ әртістерін менсінбегені ме? Ол Мағжан Жұмабаевты жақсы білсе ұлттық намысы оянып, «Мен жастарға сенемін» деген сияқты фильмдер шығарар еді.  Ал Теменовтың: «Біз 100 жылдан астам коммунистік, фашистік қоғамның құрбаны болдық... Большевизм – фашизмнің бір түрі. Ленин билікке келген соң қазақ халқының маңдайынан сор кеткен жоқ...». Бұл  тарихи жаңалықтарын Тәкең қайдан алған екен? («Қала мен Дала» газ., 22.12.2023 ж.). Өкінішке орай, қазіргі қазақ қоғамында Теменовтер мың болмаса да, жүзге жетіп қалар. Осыдан: біздің мақсатымыз орта мен жас буын жастарға ұлттық қазақ мемлекетін орнату жолдарында кімнің кім екенін ақиқатқа жүгінейік. 

Төлеубек СЕЙІТҚАЛИҰЛЫ,

Сәулетші-ғалым, профессор, 

ҚР Журналистер одағының мүшесі,

 Қазақстан «Азат» қозғалысының соңғы төрағасы.

 

Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ,

Тарих зерттеуші, жазушы,  «Азат» 

қозғалысының үйлестіру 

кеңесінің мүшесі.

 

Қазақ Республикасын басқарған тұңғыш қазақ Жұмабай Шаяхметов кім?
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 22
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 53
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 138
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 141
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 131
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 138
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 144
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 138

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11268
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10204
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13451
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12405
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17413