Сылдыр атты қарағандылық тазы Нұра ауданындағы турнирде бірінші болды

Сылдыр атты қарағандылық тазы Нұра ауданындағы турнирде бірінші болды

Қазақ тазыларының жарысына Қарағанды жәнеАқмола облыстарынан елуден астам тазы қатысты. «Тазы жарысы» турнирі Нұра ауданында иттердің екіжас санаты арасында өттібір жасқа дейінгі күшіктербір километрге және ересектер – бір жарымкилометрге жүгіруден жарысты.

«Жарыс ұлттық спорт түрін насихаттаутәжірибеалмасу және тазы тұқымын дәріптеу мақсатындаұйымдастырылды, – деп атап өттіұйымдастырушылар. – Біздің ауданда және жалпыоблыста бұл құнды тұқымға деген қызығушылық күнсайын артып келедіОған дәлел турнирлергеқатысқысы келетіндердің санының артуы».

Күшіктердің жарысында бірінші орынды Ақмолаоблысынан келген Жұлар атты тазы алдыЕкіншіорынды – Нұра ауданының Кертінді ауылындағы Үшақ атты тазыҮшінші болып Нұра ауданы Егіндіауылының Алау күшігі атанды.

Ересек тазылардың жарысында ҚарағандыданСылдыр атты тазы бірінші орынға ие болдыЕкіншібоп Ақмола облысының Басар тазысы келдіҮшіншіорынға Осакаров ауданынан келген Аққұм атты тазыие болды.

– Жарыс бес тазыдан ұйымдастырылдыӘртоптағы жеңімпаздар финалға өтіпөзара жарыстыНәтижесінде біз ең жылдам деген үшеуін таңдадық, – дейді турнирдің бас төрешісі Төлеген Әбдікешев. – Басар есімді тазы көптеген жарыстардың жүлдегеріекенін атап өткім келедіБұл үнемі жақсы нәтижеберетін әйгілі таза қанды тазы.

Жеңімпаздар Нұра ауданының дене шынықтыружәне спорт бөлімінің кубоктарымен жәнемедальдарымен және демеушілердің ақшалайсыйлықтарымен марапатталды.

Жомарт Шаймұрат
08.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5191
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5351
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18952
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22415