«Сыпатай батыр» ЖШС директоры Қанат Шайхиев «Бар мүмкіндікті мол өнім алуға жұмсаймыз»

«Сыпатай батыр» ЖШС директоры Қанат Шайхиев   «Бар мүмкіндікті мол өнім алуға жұмсаймыз»

Арпа-бидай өсіруде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыста жұмыс жасайтын сыпатайлықтар  қант қызылшасы өндірісін де ғылыми жағынан қамтамасыз ететін бірден бір мекеме сол институт болғандықтан, олардың сапалы өнім алуға кепілдік беретін іс-тәжірибелерімен жиі бөлісіп,  биылғы қуаңшылық жағдайында да жоғары нәтижелерге жетіп отыр.

Жоғарыда аталған 20 қазан күні, кешқұрым ат арылтып, төмендегі «Зәуірбек» алқабына жеткен кезде Қанат ағамыз осында биыл егілген 100 гектар қант қызылшасының қазығында ұжым мүшелерімен бірге жүр екен.

– Негізі жердің құнарын сақтау үшін ауыспалы егістік тұжырымына бағыну өте маңызды. Сондықтан биыл қант қызылшасын осы учаскеге орналастырдық. Француздың әйгілі «Эйдар» тұқымын сеуіп едік, су тапшылығына қарамастан, алып жатқан өніміміз  көңілді жұбататындай. Оның бір сыры – жерді барлық агротехнологиялық талаптарға сай өңдеуіміз бен жерге түрлі тыңайтқыштарды уақтылы сіңіруімізде жатыр. Мысалы, әне көріп тұрсыз, барлығы 100 гектар қант қызылшасының  70 гектарға жуығын соңғы 8 күнде жинап, қабылдау пунктіне өткіздік, босаған жерге күн құрғатпай аммафос (азотты-фосфорлы тыңайтқыш) сеуіп жатырмыз. Одан кейін көктемнің «иісі» сезіле селитра қолданамыз. Бұл келесі жылы осында өсірілетін басқа масақты дақылдың мол өнім беруіне негіз болады.  Ал олардың орнын біз жыл сайын ауыстырып отырамыз, ол үшін 5 участогымыз бар. Биыл қызылша жинауға жапырақ кескіш қондырғыдан басқа Германияда шығарылған, бункері 10 тонналық  комбайнды және ресейлік 1 комбайнды, сонымен қатар өнімді тасымалдауға 3 КамАЗ автөкөлігін пайдаланып жатырмыз. Әрине «жалғыздың үні шықпайды» демекші, ынтымақ пен бірлік арқасында еселі еңбек етіп, соңғы нәтижені айту әлі де ерте болғанымен, әзірше шамамен, әр гектардан 500 центнерден өнім алып жатқан ұжым мүшелерін атап кеткенім жөн шығар. Олардың арасында осында жүрген  Есенжан Мұқаев, Талғат Нүсіпбеков, комбайншы Мұхтар Тілеубаев пен жүргізуші Нұриддин Таңатаров, бас инженерім Жақыпбек Шырышбаевтар бар. Міне осы ерлердің арқасында бар мүмкіндігімізді мол өнім алуға жұмсап жатқан жайымыз бар – дейді, серіктестік басшысы Қанат Кеналыұлы өз сөзінде.

 

Әлихан НҰРАЛИЕВ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 91
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 100
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 196
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 562
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 510

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9211
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8608
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11834
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9604
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10817