Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық

Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық

БІРЛЕСКЕН ЭКСПЕДИЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ АМАНАТЫ

 

Сағаттық белдеу дегеніміз – бойлық сызықтармен анықталатын Жердің бөліктері. Бұл сызықтар «меридиандар» деп аталады. Олар өзара 15 градус қашықтықта, солтүстіктен оңтүстік полюске қарай тігінен жүргізілген. Меридиандар жер шарын 24 сағаттық белдеуге бөледі. Сағаттық белдеуді уақыт белдеуі деп те атаймыз. Белдеулер Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай әрбір 15 градус бойлық бойынша саналады. Гринвич арқылы өтетін нөлдік меридианды нөлінші белдеудің орта меридианы деп есептеуге келісілген. Әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар.

Белдеулік уақыт тұңғыш рет АҚШ-та 1883 жылы, КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда 1919 жылы 1 шілдеде енгізілген. Қазақстан аумағын 1 сағаттық белдеу (5-ші және 6-шы) алып жатыр. Табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу мақсатымен 1930 жылы 16 маусымда КСРО Халкомдары кеңесінің қаулысы бойынша Кеңес Одағының барлық жеріндегі сағат тілі 1 сағат ілгері қойылған. Осыған сәйкес 5-ші сағаттық белдеудегі Астана, Алматы сияқты қалалардың бәрі көршілес 6-сағаттық белдеудің уақытын пайдаланды. 2024 жылы 1 наурыздан бастап Қазақстан бірыңғай UTC +5:00 уақыт белдеуіне өтті.

Міне, көріп отырсыздар, 1919 жылдан 2024 жылға дейін 105 жыл бойы біздің сағаттық белдеуіміз тұрақты түрде өзгермей қолданылып келді. Біз 4-5 ұрпақ сол бойынша дағдыланып өстік, үйлесім таптық. Мінеки, жеті айдан бері біз 6-шы сағаттық белдеуден 5-ші сағаттық белдеуге секірдік. Осылайша ғасырдан аса қалыптасқан тіршілік жүйесінде өзгеріс пайда болды. Сағатқа қарап жұмыс істемейтін ежелгі заман үшін күннің шыққаны мен батқанында өзгеріс болған жоқ. Сол аспан, сол жер, бір тәулік 24 сағат сырғып өтіп жатыр. Бірақ таңғы 9-да (09:00) жұмысқа шығып, кешкі 6-да (18:00) жұмыстан шығатын жұрт үшін жағдай мүлде басқаша болатыны анық. Анықтап айтар болсақ, біз жұмысқа бұрынғыдан бір сағат кешігіп барып, кешке жұмыстан бір сағат жәй шығамыз. Осылайша ғасырдан аса қалыптасқан жағдайдың бәрінде өзгеріс болады. Оның әсері мен салдарын санамалап айтар болсақ, мынандай:

1) Адамдар азанда тағы да бір сағат артық ұйықтайды. Бұл онсызда жалқау, маубас, ұйқышыл жұртты онан ары ұйқы теңізіне батырып, нағыз кержалқаулыққа тәрбиелеуде. Ғасыр бұрын өткен Алаш арысы Міржақып Дулатов «Оян, Қазақ!» десе, бүгінгілер «Ұйықта, Қазақ!» деген ұранға басуда.   

2) Түскі тамақ бір сағат артқа жылжып асқазан, ішек, ас қорыту бездерінің қызметінде өзгеріс пайда болуда.

3) Кешкі жұмыстан түсу уақыты бұрынғымен салыстырғанда бір сағатқа кешігіп қараңғы түсіп кетеді. Қараңғының салдарынан жұмыс кабинеттерінде жарық ерте жанып, артық энергия жұмсалып, ысырапшылдық пайда болуда.

4) Үлкендерді, ересектерді есепке алмағанда, балалар үшін қиындық тудыруда. Мектепте оқып жатқан оқушылар үшін үлкен қиындық туындады. Олар тас қараңғы түскенде сабақ оқып отырады. Кешке сабақтан көзге түртсе көрмейтін қараңғыда шығады.

Жұрттың бәрі Алматы мен Астанада отырған жоқ. Көшесі жарықтанған, қатынас көлігі қолайлы қала мен алыстағы ауылды салыстыруға болмайды. Батысы мен шығысы 3000 км, оңтүстігі мен солтүстігі 2000 км келетін ұлан-байтақ елімізді бір шыбықпен айдап, бір сағаттық белдеуге тығып тастау «Көрмес – түйені де көрместің» дәл өзі. Шығыс Қазақстан облысы Азия құрлығында жатыр да, Батыс Қазақстан облысы Еуропада тұрады. Айырмашылық жер мен көктей.

Он сегіз жылдан бері жалғасып келе жатқан экспедиция жолымен шығысқа бардық. Осыдан 20 күн бұрын ШҚО-да болдық. Абай облысының орталығы Семейден Өскеменге дейін, онан Күршім, Зайсан аудандарына дейін барып елді аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдадық. Ұстаздар мен ата-аналарды естідік, шаруалар мен диқандарды тыңдадық. Қырдағы қырманшыдан, ойдағы орманшыға дейін сағаттық белдеудің ауысқанына риза болып отырған бір пенде жоқ. Адамдар физиологиялық жақтан да, психологиялық жақтан да, өмір сүру ережесі жағынан да көндіге алмай мазасыз күй кешіп жүр екен. Ел басқару тізгінін ұстаған әкімдер мен атқамінерлерден сұрасақ, «жоғары жақ айтқан соң, дұрыс қой» дейді. Ішкі сырын ашып айта алмай күмілжиді. Шынын айтар болсақ, Шығыстың әрбір азаматының наразылығы күшті, өкпесі қара қазандай. Біз алғаш барғанда сағат 16:00-де ымырт үйіріліп, күн батып кетіп жүрді. Он күн бойы шығысқа ілгерілеп Катонқарағайға жақындағанда сағат 15:00-де қараңғы түсті. Міне, кешелі бері әлеуметтік желіден тыңдап, көріп отырмыз, сағат 14:30-да Шығыстың күні батып кетті. Осы үрдіспен желтоқсанның 22-жұлдызына дейін күн қысқарып, таң ұзарады. Ол кезде сағат түскі 2-ге (14:00) жетпей қараңғы түсетіні анық. Сонда сабақтағы балалар жарты күн бойы қараңғыда оқып, ата-аналар мектептің қақпасын күзетіп балаларын алып қайтуға мәжбүр. Алыс ауылдарда жарық, жол, ауа райы бірдей емес. Балалардың қауіпсіздігі де аса маңызды.  

«Естігеніңді айтпа, өсек болады. Көргеніңді айт, шындық болады» деген екен. Біздің «Ауыл аманаты – Ел аманаты» экспедициямыз Қазақстанның барлық облыстарын аралап шықтық. Батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстік көзімізден таса қалған жоқ. Әсіресе, Шығыстың жағдайы өте қиын. Адамдардың психикасына ауыр салмақ, тіршіліктің ритмі бұзылған, ауыртпалық еңсені басып, адамдар жағдайға көндіге алмай есеңгіреп отыр. Экспедициямыздың көшбасшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы бұл ақиқатқа куә болып, бұл жөнінде халықтың шағымын, мұңын тыңдады. «Халықты тыңдайтын Үкімет қайда? Жұртпен санасатын билік қайда?..» деген сан сұрақ көкейімізде тұрды. Осыдан бір ай бұрын Шығыстан сайланған депутаттар мен қоғам белсенділері Астанада ашық үндеу жариялап, сағаттық белдеудің ауысуы салдарынан Шығыстағы болып жатқан жайсыздықтарды мәселе етіп көтерді. Бұрынғы уақытты өз орнына қоюды талап етті. Шамасы, олардың талап-тілектері де ескерілмей қалғанға ұқсайды.

  

Біз ел аралап, су кешіп жүріп «Ауыл аманаты – Ел аманаты» экспедициясының көздері көрген мәселесі, жалпының жанайқайы ретінде газетке жазуды жөн көріп отырмыз. Өзгермейтін Құран ғана. Ал, одан өзге заң жарлық, ереже түзімдер өмірге бейімделуге, азаматтардың арманына сай келу керек. Бұл уақыт белдеуі оңтүстік өңірлерге де қолайсыз болып тұр.  Сондықтанда Сағаттық белдеу, уақыт айырмасы кең-байтақ Отанымыздың іс жүзінде шынайы тыныс-тіршілігіне үйлесуін талап етеміз! Бұл – біздің емес, халықтың ащы талабы.

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 28
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 58
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 48
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 22
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 53
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 58
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 53
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 50
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 58
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 47
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 55
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 53
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 281

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9291
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8686
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11914
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9687
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10894