ТАЛДЫҚОРҒАН – ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА

ТАЛДЫҚОРҒАН – ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА

Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орайластырылған «Талдықорған – есірткісіз қала!» ұранымен кең ауқымды акция өтті.

Қоғамды қандай да бір құйтырқыдан, қылмыстан арашалау құқық қорғаушылардың құзыретінде. Олар тәртіп пен заңның салтанат құруына қарекет етеді. Кей жұртта, кей жұрт емес, көп жұрттың санасында полицейлер қылмыс пен оны жасаушыларды құрықтаушы ғана деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Шын мәнінде, тәртіп сақшыларының жұмысы қылмыстың алдын алуға, оны болдырмауға, ел мен жердің тыныш болуын қамтамасыз етіп және қоғамдық ой қалыптастыруға бағытталған. Оның айқын көрінісі апта ортасында Жастар паркінде өткен шарада әспеттелді. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткен фестивальде облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров қоғам дертіне қарсы күрес жайын таразылады.

– Нашақорлық – қоғамды іштен ірітетін, ұлттың болашағына балта шабатын үлкен қатер. Осы індетпен күресте тек ішкі істер органдарына ғана иек артып қоюға болмайды. Онымен күресте қоғамдық бірлік қажет. Осы жамандыққа қарсы әрекет біздің ортақ ісіміз болуы керек. Балалар мен жастарды саламатты өмір салтын ұстануға тартып, қоғам арасында спортты насихаттау – елдің болашағын ойлағандар үшін жауапты міндет. Жастарды спортпен шұғылдануға, дамуға, алға мақсат қойып, жаңа белестерді бағындыруға шақырамын, – деді Мадияр Омаров.

Осы күнге орайластырып облыстық полиция департаменті БАҚ өкілдері арасында қоғамда есірткіге қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған байқау ұйымдастырған еді. Сол байқаудың жеңімпаздары шара барысында марапатталды. «Үздік сюжет», «Үздік мақала», «Үздік пост» номинациялары бойынша 9 БАҚ өкіліне сый-сияпат көрсетілді. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сертификат табыс етілді.

Мұнан өзге облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров жыл көлемінде есірткіге қарсы мәдениет қалыптастыруда еңбек етіп жүрген бірқатар азаматқа алғыс білдірді. Шара барысында жас спортшылар мен құқық қорғау өкілдерінің бірлесуімен түрлі флешмобтар көрсетіліп, қала тұрғындарына өңірдің әнші-күйшілері керемет көңіл күй сыйлады.

АЯУЛЫМ САНСЫЗБАЕВА
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 114
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 37
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 117
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 113
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 216
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 221
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 207
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 217
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 222
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10258
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13503
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12457
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17465