«Тараз» тек қазақша тілдеседі

«Тараз» тек қазақша тілдеседі

1996 жылдың 31 қазаны «Тараз» өз алаңында «Елім-айды» қабылдайды. «Орталық» стадион лық толы, ине шаншар жер жоқ. Көптен күткен ойын да басталды. Бразилиялық футболшыларды Қазақстанға бірінші болып алып келген семейлік команда Олег Воскобойников қорғаған қақпадан саңылау таппады. Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. Алаң ортасынан пас қабылдаған Азамат Ниязымбетов қарсылас қақпашысының есеңгіреп тұрғанын көріп, допты ширене тепті. Ауада қалқып бара жатқан теңбіл доп бір уақытта төмен қарай құлдилай қақпаның тоғыздығына топ етті. «Тараз» жеңіске жетті. Ваит Талғаевтың шәкірттерін шешуші ойында «Фосфор» күтіп тұрды. Семейлік ұжым жеңісті жайдан-жай беріп қойғысы келмеді. Тартысқа толы ойын «Тараз» футболшыларын біраз тер төгуге мәжбүрледі. Әсіресе қақпадағы Воскобойников тыным таппады. Кезек-кезек соғылған соққыларды сәтті тойтарған қақпашы командасына сенім сыйлады. Ақырында, сәттілік жолдас болды ма, «Тараз» жеңісті жұлып әкетті. Жамбылдық команда ресми түрде футболдан Қазақстан чемпионатының 1996 жылғы жеңімпазы деп бекітілді. «Тараздың» мұндай жетістікке жететініне сенбеген сол кездегі сарапшылардың қатты қателескенін айта кеткен жөн. Олар маусым басынан бастап, соңына дейін «Ертіс» пен «Елімайдың» жалауын желбіретіп келді. Ал 1996 жылғы Қазақстанның үздік ойыншысы болып қақпашы Олег Воскобойников танылды. Ол: «Командам болмаса, бұл мәртебеге ие болмас едім», – деп тілге тиек етті. Қақпашының сөзіне келіспеске болмайды. Команда жалғыз ойыншыдан құралмайды. «Тараздың» чемпион болуы, Воскобойниковтің үздік атануы – тікелей команданың ерен еңбегінің нәтижесі. Бұл жерде тек қақпашыны ғана емес, басқа да белді ойыншыларды еске түсіріп өткеніміз абзал. Сұрмергендер Нұркен Мәзбаев пен Азамат Ниязымбетов шабуыл шебінің қасқырлары еді. Құрбан Бердыевтің ықпалымен командаға келген маэстро Ғани Қайназаровтың допты ұстау техникасының өзі қандай тамаша еді! Сергей Тагиев пен Сергей Калабухиннің сол кездегі ойыны көпті өзіне баурағаны анық. Вальтер Валерий, атақты бапкер Дмитрий Огай жата-жастана қорғанушы еді ғой. Зымырап жатқан уақыттың еншісі сол бір «Таразды» қайтармайтыны өкінішті!..

90-жылдары қаржыдан тапшылық көрмеген «Ертісті» еңіретіп, легионерлерімен ойқастаған «Елім-айды» есеңгіретіп жеңген жамбылдық ұжым жанкүйерлердің мәңгі есінде. 1996 жылғы «Тараздың» чемпиондық құрамында өнер көрсеткен Нұркен Мәзбаев «көкақтарға» қайта оралды. Ойыншы ретінде емес, әрине. Жамбылдық команданың басшылығы Нұркен Мәзбаевты бапкер болуға шақырыпты. Ұсынысты қабыл алған Қалдыбекұлы уақытты созбай, іске кірісті. Жаңа бапкерді жанкүйерлерге ресми таныстыратын баспасөз мәслихатында Мәзбаев былай деді: «Ойлайтынымыз тек футбол ғана болмақ. Жақын арада клуб ойыншыларымен жекелей сөйлесіп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап шығамын. Алға қойған мақсаттарымыз бір екеніне сенімдімін».

Нұркен Мәзбаев «Тараздың» бапкері атанды деп ақпарат тарағаны сол еді, жазбаның астына жиналған жылы лебізді пікірлерде шек болмады. Бірі маманның жұмысына сәттілік тілеп жатса, бірі «Тараздың» талантты жастары бапкерден қолдау табатын болды-ау» деп қуанып жатты. Жанкүйер сөзінің жаны бар екен, «көк-ақтардың» жаңа маусымдағы құрамының тең жартысы жергілікті футболшылармен жасақталған. Легионер футболшылар саусақпен санарлық. Соңғы трансферлік ауысымда гаитийлік Алекс Жуниор командаға келіп қосылды. Оның өзі оңтүстік ордаға жетісімен қазақша сайрап кетіпті. Осылайша Премьер-лиганың ең қазақи командасы шетелдік футболшыларды да қазақыландырып жатыр. 

Рауан МУТАИР
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680