Тарихқа құрмет елдігіміздің беделін биіктетеді

Тарихқа құрмет елдігіміздің беделін биіктетеді

Жаңа жыл басталысымен еліміздің ең басты басылымында мемлекеттің сындарлы саясатына қатысты ел Президенті Қ.К.Тоқаев пен «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы арасындағы маңызды сұхбат жарияланды. Осы сұхбатты оқи отырып, ел ішінде болып жатқан саяси өзгерістер мен Мемлекет басшысының сын сағаттағы батыл бастамаларына қанық болдым. Көптеген түйткілді мәселелер ашық айтылып, алдағы атқарылатын жұмыстар жайы да сөз болған. Мұнда көп ұзамай Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыстың амал-тәсілдері айқындалатыны айтылды. Яғни, экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстың негізгі бағыт-бағдары бірінші тоқсанда-ақ айқындалмақ. Халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз.

Біз әр жылдан жағымды жаңалықтар күтіп, тың жоспарлар құрып, олардың лайықты жүзеге асырылуына үлкен үмітпен қарайтын халықпыз. Бұл жолы да 2024 жылда атқарылатын жұмыстардың амал-тәсілдері оң өзгерістерге бастап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп сенеміз. Өйткені, күн санап құбылған қоғамның әр саласында түрлі өзгерістер орын алып жатыр. Бірқатар салалардың жұмысының одан әрі өркендеуіне негізделген жаңа әдістер қолға алынуда. Осы арқылы мемлекеттің дамуы кемелдене түспек.

Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа, – деген ел Президенті оқырман қауымды осы жылы атқарылатын маңызды істерден де хабардар етті.

Қ.Тоқаев өз сөзінде келешекке батыл қадам жасау үшін өткеннен сабақ алу қажеттігін, бұл жолда ұлт мүддесін назардан тыс қалдыруға болмайтынын мәлімдеді. Бұл биліктің қадамы халықпен санасу арқылы алға басатындығын меңзеп тұрғандай.

«Көп түкірсе – көл» демекші, мұндай ауқымды шаралар әр өңірдегі тиісті сала мамандарының ұйытқы болуымен, ел тарихына құрметпен қарайтын саналы азаматтардың қолдауымен лайықты деңгейде өткізілетіні анық. Сондықтан, көзі ашық, көкірегі ояу әр азамат мұндай шаралардың өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесінде ерекше рөлге ие екендігін жете түсініп, сол ортадан табылып, өзіндік үлесін қосады деп білемін. Өйткені, мұның барлығы тұнып тұрған тарих. Ал, өткен тарихыңды білмеу – надандықтың белгісі. Еліміздің жарқын келешегінің негізін қалайтын жастар қауымы мұның барлығын білуі қажет.

– Біз ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастырамыз. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.

Жалпы, Мемлекет басшысының сұхбат барысында айтылған тың бастамаларын қолдаймын. Жұрт үшін маңызды саналатын жоғарыда айтып өткен даталы шаралар біздің ауданымызда да ұйымдастырылып, аудан халқы оған лайықты үлес қосады деп сенемін. Өйткені, мұның барлығы аты аңызға айналған ата-бабаларымыздың рухына, өткен тарихымызға деген құрмет болып табылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқиға болмақ.

Осындай маңызды оқиғалардан бөлек, күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз емес. Бұл жылдың ел тари- хында қандай орын алатыны барша азаматымыздың ерік- жігеріне де байланысты. Бірақ осы мақсатқа жету үшін біз бір ел болып, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек.

Махаббат СУЛТАНОВА, Жамбыл облысы Шу ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектептің директоры
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1161
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7209
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11070
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7274
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7421