ТАРИХТЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ – БОЛҒАР

ТАРИХТЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ – БОЛҒАР

Күні кеше Бату хан мен Ұлы Болғар мемелекеті астанасын тіктеген Еділ өзенінің сағасындағы Болғар қаласында 5 күнге созылған халықаралық конференция дүркіріп өтті. Тарихты жаңырту мақсатында өткізліген бұл форум «Ресей мұсылмандарының теологиялық құндылықтары» деп аталды.

Болғар ислам академияы тарапынан қазан айының 25-30 күндері аралығында ұйымдастырылған форумға Ресей, Франция, Қазақстан, Өзбекстан, Сирия, Мысыр елдерінен келген делегеция қатысып, баяндамалар жасалынды.

Жалпы, Болғар қаласы – Еділ (Волга) өзені сағасына орналасқан, Еділ Болғар ларының Х-ХІІ ғасырлардағы астанасы болған мекен. Өзінің бесжүзжылдық тарихында қала Еділ өңірінің ірі саяси және мәдени орталығына айналған. Х ғасырдың өзінде Болғар  ірі сауда орталығына айналған. Қаланы өз көзімен көрген (992) араб саяхатшысы ибн Фадлан оны сол кездің өзінде “халықаралық жәрмеңке” деп суреттеген. ХІІ ғасырдағы феодалдық қырқыстардың әсерінен Болғар  біршама уақыт өзінің маңызын жоғалтады. Шыңғыс жорығынан кейін, 1242 жылы Бату бастаған моңол сарбаздары Мажарстан арқылы қайтып, Болғарларды бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Кейін қала орыс патшалығығының құрамына кіреді. Қазіргі таңда, Болғар қаласы – Ресей федрациясына қарасты Татарстан Республикасының маңызды стратегиялық қаласы.

Еділ Болгариясын парсы және араб географтары әлемдегі ең солтүстік мұсылман елі деп санайды. Өйткені, бір кездері Қара теңіздің солтүстік аймақтарын мекендеген, ғұндар бірлестігінен бастау алатын түркітілдес Еділ Болғар ларының ислам дінін қабылдауы тым арыда жатыр. Болғарлардың даңықты патшасы Алмұш хан кезінде Х ғасырдың басынан бастап Хорезм еліне сауда-саттық жасап барған Болғар түріктері ислам саудагерлерімен тығыз байланыс құра бастады. Мұсылмандардың тұрмыс-тіршіліктерін көріп, жақыннан байланыс құрған Болғар саудагерлеріне бұл дін көңілдеріне қонымды келді. Жаңа діннің таралып жатқанын байқаған Алмыш хан әуел баста исламды зерттей бастады. Сол арқылы өзі де мұсылмандықты қабылдады. Алмыш ханның мұсылман болуымен ислам діні қысқа уақытта Еділ Болғарларының ресми дініне айналды.

Ислам дінін қабылдағаннан кейін Алмұш хан «Әмір Жафар бин Абдуллаһ» деген лақаб ат алды. Ислам дінін терең түсіну, мешіт-медреселер мен және ислам ғалымдарының санын арттыра түсу үшін Алмұш хан 920 жылы Аббаси халифасынан дін ғалымдары мен сәулетшілер сұратты. Аббаси халифасы Мұқтадир Биллаһ тез арада дін ғалымдары мен сәулетшілерден құралған елшілік тобын жіберді. Бұл топ Еділ сағасына 922 жылы келіп жетеді. Осы тарихи оқиға Еділ Болғарларына ислам діні тарлған кезең деп саналады. Татарстан Үкіметі 2022 жылы Татар жеріне ислам діні келгендігінің 1100 жылдығын дүркіретіп өткізуге дайындалып жатыр ...  

Осы жылдары ислам діні Дунай бойындағы тайпалар арасында жылдам тарады. Алмұш хан ислам дінін қабылдай отырып екі түрлі жетістікке қол жеткізді. Біріншісі, Болғар халықының ислам дініне деген қызғушылығын оятып, елді бір дінге ұйыстырса, екінші бір жағынан араб халифатының одақтасы бола отырып, өз елінің қорғанысын күшейте түсті. Дегенмен, осы кезде ислам дінін қабылдауа қарсы тұрған Болғарлар да пайда болды. Ханзада Выраг бастаған топ ислам дінін қабылдаудан бас тартып, жеке бір топ қалыптастырды. Бұлар кейінгі чуваш ұлтының пайда болуына ықпал етті. Сөйтіп чуваш ұлты – христиандықты қабылдаған, жалғыз православиелік түркі халқы болды.

Қазіргі болғар қаласы ханафиттік ислам, православиелік христиандық және яһудиліктің ұштасқан орны. Қаланың әр жерінен күмбезді мешіттер мен мұнаралы шіркеулерді көптеп байқауға болады. Бейресми деректерге қарағанда, Болғар халықының 70 пайыздан астамын орыс ұлтының өкілдері ұстайды екен. Мұндағы татар халқының үлес салмағының азаюын жергілікті ғалымдар урбанизация мен ассмилияцланудың нәтижесі деп бағалап отыр.

Ассимиляция демекші, сан ғасырлық тарих бойында Орыс халқымен қоян-қолтық араласып ғұмыр кешсе де, өзінің түркілік келбетін өзгертпей сақтап келген татар халықының діні мен тілі қазыр өзгеріске ұшырай бастаған. Ғалымдар дініне бекем татар халықының діннен хабыры жоқ ұрпағы өсіп келе жатқандығына қынжылыстарын да жасырмады.

Қазіргі таңда, Болғар қаласы татар ұлтытының ежелгі тарихы мен мәдениетін қайта жаңғыртуды қолға алуындағы маңызды түйін болып отыр. Қалаға кіре берісте салынған Ақ мешіт пен Болғар ислам академиясы өңірдің ислам жұрты екенін білдірсе, қала отрасындағы 6 қабаттық үлкен мұражай қаланың тарихи сипатынан дерек беріп тұр.

Татар халқы тарихы жаңғыртуды мешіт, медресе, мұражай салу сияқты архитектуралық талпыныстарымен ғана шектеп отырған жоқ. Әр жылы әр түрлі салада ғылыми конференциялар ұйымдастырып, тарихи, рухани жаңғыруды да бірге қолға алып келе жатыр. Осы жолы Болғар төрінде өткен «Ресей мұсылмандарының теологиялық құндылықтары» атты конференция соның нақты бір айғағы.

Конференцияның құрметті қонақтары қатарында елімізден Қазақстан Мұсылмандаы діни басқармасы мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің басшылық құрамы онлайн, офлайн форматта қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ, шараға Ресейден және алыс-жақын шетелдерден 200-ден астам адам қатысты. Қатысушылар арасында мемлекеттік органдардың өкілдері, ресейлік және шетелдік жетекші ғалым-теологтар, исламтанушылар, имамдар, қоғам қайраткерлері, университет оқытушылары, студенттер және БАҚ өкілдері болды.

Форум этносаралық татулық пен келісім мәселелерін шешу және заманауи теологиялық мектепті дамытудағы ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің, рухани көшбасшылардың, жоғары оқу орындары басшыларының зерттеу нәтижелерін сараптауға бағытталды.

Форум аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, кеңестер өтті.

Форумды Болғар ислам акадеиясының ректоры Тимерханов Айнур Ахатович ұйымдастырып, жүргізді. Қазақ елінен барған делегация мүшелерімен кездесу брысында ректор А. Тимерханов 2016 жылы ғана негізі қаланған Болғар ислам академиясының 20 жылдық тарихы бар Нұр-Мүбарак университетінен үйренерлері көр екендігін және екі жақты әріптестікті жалғасты дамытуға мүдделі екендігін білдірді. Өз кезегінде қазақ өкілдері де жоғары деңгейде ұйымдастырған конференция үшін өз алғыстарын білдірді.

Сөйтіп, біп аптаға жалғасқан, күллі түркінің бірлігі, қазіргі заманғы исламдық мектепті дамыту, бабалар қалдырған аманатты берік сақтау қатарлы мазмұндарды ту еткен халықаралық конференция өз мәресіне жетті.

Айта кетейік, Болғар қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық конференция биыл үшінші жыл.

Мұратхан Махметұлы
03.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829